Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды дельтапланмен іздестіріп жатыр

7 тамыз таңертең жоғалып кеткен бес жасар Мәдина Ерланқызын кешкі уақытта іздестіру үшін дельтаплан жұмылдырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дельтапланды қостанайлық компаниялардың бірінің басшысы Сергей Хоменко қамтамасыз етті. Оның компаниясы облыстағы авиациялық-химиялық жұмыстармен айналысады.

«Маған Қостанай облысында жоғалған баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарланған бойда өз көмегімді ұсынғым келді. Дельтаплан жоғалғант адамды іздестіру жұмыстарында тиімді», — дейді Сергей.

Ведомствоның мәліметінше, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуде дельтапландардың бірнеше рет пайдасы болған.

Мадина 1000 гектардан аса аумақта іздестіріліп жатыр.

«Іздеу жұмыстары егістік алқаптары арқылы және Тобыл өзенінің арнасы бойымен жүзеге асырылып жатыр. 500-ден аса азамат еріктілер қатарына қосылды. Іздеу жұмыстарына кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары көмек көрсетті», — делінген хабарламада.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...