Қошанов Парламентті таратуға қатысты пікір білдірді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламентін тарату мәселесі әлі талқыланбағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әзірге бұл мәселе талқыланған жоқ. Бірақ Президент саяси реформаларды жариялады деп айта аламын. Ал біз жыл аяғына дейін тиісті конституциялық және басқа да заңдарды қабылдауымыз керек», — деді Мәжіліс спикері.

Спикер егер Мемлекет басшысы тағайындаса, партия кезектен тыс сайлауға дайын ба деген сауалға да жауап берді.

«Кез келген партия саяси күреске дайын болуы керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын», — деді ол.

Айта кетейік, 26 сәуірде Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланған еді.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....