ОРТАҚ ЖОБАЛАР ОБЛЫСТЫ КӨРКЕЙТІП ЖАТЫР

Ақмола облысының әкімшілік орталығы Көкшетау қаласында жыл сайын жаңа көпқабатты үйлер саны артып келеді, олардың негізгі бөлігі мемлекет көмегімен салынып жатыр. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектісі – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл бағытта облыс орталығында көптеген жұмыстар жүргізілуде.

– Бүгінгі таңда жиырма үш көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталды. Оның ішінде он төрт үй биыл, тоғыз үй екі мың жиырма бесінші жылы тапсырылуы тиіс. Бүгінгі күнде сексен бір мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында көп балалы, толық емес жанұяларға және жетім қалған азаматтарға тиесілі үйдің кілті тапсырылды, жалпы алпыс үш пәтер кезектегі тұрғындарға таратылды. Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алуға қаражат бөлінгенін айта кеткен жөн. Осы бағытта шілде айының соңына дейін жүз жиырма тоғыз пәтер сатып алу жоспарлануда, – дейді Көкшетау қаласының әкімдігі. Мекеменің берген мәліметінше, алдағы жылыту маусымына дайындау және үздіксіз өткізу үшін іс-шаралар жоспарына сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса, қала тұрғындарын таза және сапалы сумен қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы биліктің басты мақсаты. – Былтыр біз Көкшетау қаласының су құбырын тазарту құрылыстарын жаңарту бойынша жұмысты қайта бастадық, биыл жаңа су тазарту құрылысын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Судың сапасын жақсарту үшін ескі су тазарту құрылысы қайта жасалды. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл екі млрд сегіз жүз млн. теңге сомасына ұзындығы отыз алты шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Шұңқырларды жөндеу жұмыстары он сегізінші сәуірден басталды, қазіргі уақытта қаланың он сегіз учаскесінде аяқталды, бұл процесс ары қарай да жалғасып жатыр, – деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнде облыс орталығында бірқатар жұмыстар жүргізілуде, «Казцинк» тау-кен металлургиялық компаниясымен және оның еншілес кәсіпорны «Altyntau Kokshetau» компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде Қопа көлі бойымен Кенесары көшесінен көпірге дейінгі жолдарды салу жұмыстары басталды. Оған қоса, биыл қала аумағын жарықтандыру мақсатында тоғыз жүз жиырма жарықшам орнату бойынша жұмыстар жоспарланған. Жұмыстар депутаттық корпуспен және жергілікті тұрғындардың келісімімен іске асырылады. Жобаны іске асыру сомасы 239 млн теңгені құрайды. Жұмыстар шілде айынан басталады. – Абай–Ғабдуллин–Әуелбеков– Назарбаев шекараларындағы аула аумақтарын күрделі жөндеу бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірленді. Жоба сараптамада, жақын уақыттара шығады деп күтілуде. Сондай-ақ Темірбеков–Әуезов–Абай–Кенесары көшелерінің шекараларында аула аумақтарын және «Саин– Мәметов–Уәлиханов көшелерінің шегінде аула аумақтарын күрделі жөндеу бойынша жобалық сметалық құжаттар жасалды. Өткен жылы Красный Яр ауылында саябақ салу жұмыстары басталған болатын. Жер жұмыстары аяқталып, көше жарығы орнатылды. Жұмыстар әрі-қарай жалғасады,– деген мәліметті Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі таратты. Көкшетау қаласы әкімдігінің сайтында Халық қатысатын бюджет жобасы бойынша конкурс өткізілді, онда қала тұрғындары абаттандыру идеяларын жоба деңгейіне дейін пысықтап ұсынды. Елу жоба келіп түсті, оның қырқы ереже талаптарына сәйкес келді және онлайн дауыс беруге жіберілді. Тұрғындардың өздері қатысқан онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қырық жобаның он тоғызы, яғни 12 балалар ойын алаңы және жеті спорт алаңы мақұлданды. Барлық жобалар биыл іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта жеті мекенжайда жұмыстар басталып кетті. Бұдан басқа, биыл Көкшетау қаласында жеті спорт алаңын және Красный Яр ауылында алты балалар ойын алаңын салу бойынша жұмыстар жоспарланған. Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалған жоқ. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде Көкшетауда көп бейінді облыстық аурухана құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Красный Яр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары жалғасуда. Оны төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланған. Сарыарқа шағын ауданында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 280 орындық балабақша, Красный Яр ауылындағы екі жүз сексен орындық балабақша, Көктем шағын ауданында мобильділігі төмен топтарға арналған балабақша құрылысы жүргізілуде. Білім беру саласы да жіті назарда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, сондай-ақ жүктемелілікті алып тастау мақсатында, Сарыарқа шағын ауданында және Көкшетау-Петропавл тас жолының маңында екі жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде, бұған қоса жайлы мектеп үшін Бейбітшілік шағын ауданында және Красный яр ауылында жер телімі бөлінді. Былтыр жаңа мектеп салу бойынша «Казцинк» тау-­кен металлургиялық компаниясымен және оның еншілес кәсіпорны «Altyntau Kokshetau»-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оныншы мектептің ескі ғимараты бұзылды. Бүгінгі таңда «АлматыЭнергоСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жаңа мектеп ғимаратын жобалау жұмыстары басталды. Көкшетау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, барлық атқарылып жатқан жұмыстар қала тұрғындарының тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған. Оған қоса, тұрғындардан кері байланыс бар екенін де айта кету керек. Бірлескен жұмыстың арқасында облыс орталығы көркейіп жатыр.

Бақыт ЖҰМАБАЙ

Американский авто-путешественник и блогер прибыл в Казахстан

Американский авто-путешественник и блогер Connor, известный под никнеймом @camperghini, прибыл...

Сот кабинеті – азаматтар үшін қолжетімді әділет құралы

Қазіргі цифрлық дәуірде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа...

Парасаттылық пен ашықтық – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның дамуы мен ұлттық қауіпсіздігіне тікелей...

ҚазҰУ-да тең мүмкіндік пен достықты дәріптеген үстелүсті жарысы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстелүсті спорттық ойындары бойынша...

Кәмелетке толмағандарға қатысты сот дауларын шешудің тиімді бағыттары

      Сот жүйесіндегі ең күрделі әрі нәзік мәселелердің бірі...