Парасаттылық пен ашықтық – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның дамуы мен ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін басты мәселелердің бірі. Бұл көріністер қоғамның сенімін әлсіздендіріп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетеді. Сондықтан да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресті басты мемлекеттік басымдық ретінде жариялап, бұл бағытта нақты стратегия мен құрылымдық өзгерістерді іске қосуда.  

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, оны жүзеге асыруға арналған іс-қимыл жоспарын қабылдады. Бұл құжат «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты 2021 жылғы Жолдаудың 88-та­рымына сай әзірленген. Тұжырымдаманың басты міндеттері – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, парасаттылықты арттыру, жауапкершілікті қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның белсенділігін күшейту және мониторингті жетілдіру болып табылады.

Президент сыбайлас жемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке тікелей зиян келтіретін қауіптілік деп атап, шұғыл іс-әрекетке мұқтаж екенін бірнеше рет айтты. 2019 жылы ол құқықтық жауапкершілікті күшейту мақсатында заңға өзгеріс енгізіп, министрлер мен әкімдердің сыбайлас жемқорлық жағдайында міндетті түрде отставкаға кетуін көздеді.  

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жалғасуда. Президенттің тапсырмалары мен Жолдаулары негізінде нақты заңнамалық өзгерістер, мемлекеттік басқаруды жобалық тәсілмен реформалау, дербес орган құрылымы мен азаматтық қоғамды тарту іс жүзінде жүзеге асырылып жатыр. Әлбетте, бірнеше нәтижелер – табыстары байқалады: бюджеттік қаражатты тиімді қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелерді ашық айқындау әдістерінің енгізілуі – оның айғағы. Дегенмен, халықаралық индекс көрсеткіштері бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жалғасуы қажеттігін дәлелдейді.

Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күрестің стратегиялық негізі – 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдама, мемлекеттік қызметте меритократия мен жауапкершілікті күшейту, ашықтыққа бағытталған жаңа механизмдер – қоғам мен мемлекет арасындағы міндетті диалогты нығайта түсетін маңызды қадамдар. Алдағы уақытта бұл шаралардың әсері нақты қоғамдық сенімді қалыптастыру мен еліміздің тұрақты дамуына жол ашады деген үміт бар.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі

 мамандандырылған ауданаралық сотының

 бас маман сот отырысының хатшысы А.Т.Медеева

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...