Ордабасыда жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталып, жауапқа тартылуда

Жол қозғалысы ережесін сақтау, жол апаттарының алдын алу мақсатында Ордабасы ауданында бірқатар ауқымды шаралар іске асырылуда. Мәселен Түркістан облысы Патрульдік полиция батальоны мен аудан полицейлері бірлесіп, «Шымкент-Бадам-Арыс» тас жолы бойында дрон кешенді жүйесі мен «КРИС П» жол жүрісін өлшеуіш құрылғысын пайдалана отырып, рейд жасады.

Нәтижесінде әуеге ұшырылған дрон жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан 4 жүргізушіні анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 2- бөлігімен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» әкімшілік шара көрілді. Ал «КРИС П» көмегімен 33 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілері тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтсақ, ауыл көшелерінің бірінде ішімдік ішіп, автокөлік басқарған «НИВА» маркалы көлік жүргізушісі анықталды. Жүргізуші осы теріс әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» жауапқа тартылып, автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...