Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Бағдат Мусин Facebook-парақшасында хабарлады.

Министр кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет екенін білдірген.

«Маған кез келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі — Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сондықтан мен экономика саласының білікті маманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым», — делінген жазбада.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...