Оралдық қызға құны бір миллиард теңге тұратын екпе салынды

3 сәуірде оралдық Фатима Асқар есімді балаға құны миллиард теңгеге жуық тұратын «Золгенсма» препараты егілді. Қуанышты жаңалықты қыздың ата-анасы Instagram парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой Город» сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін — тарихта қалатын күн. Фатимамызға екпе салынды. Біз бақыттымыз. Қызымызды Қазақстан халқы аман алып қалды. Осы уақыт ішінде біз үшін алаңдап, қолдау көрсеткен баршаға шын жүректен алғыс айтамыз», — деді Фатиманың әкесі Қанат Құспанов.

Фатиманың ата-анасы қызының емделуіне алты ай ақша жинаған. Дәрігерлер балаға омыртқа бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойған.

Фатима — Батыс Қазақстан облысында әлемдегі ең қымбат екпені салдырған екінші бала. Біріншісі ақсайлық Эмир Шахмаров болған. Сонда бір миллиард теңгені қазақстандықтар жинап берген еді. Қазір баланың жағдайы жақсы, оңалту курсынан өтіп жатыр.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...