12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОРАЛДЫҚ МҮСІНШІ ЛОНДОНДА ҚАЗАҚ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ

Өңірімізде бейнелеу өнерінде ерекше қолтаңбасымен танылған мүсінші Ерғали Бекешев – темір мен тасты өнер туындысына айналдырып жүрген дара тұлғалардың бірі. Ол жақында Ұлыбританияның астанасы Лондонда өткен «Golden Time Talent» халықаралық өнер фестиваліне қатысып, жүлделі жеті орынның бірін иеленіп қайтты.

– Интернетті ақтарып отырып, «Golden Time Talent» атты халықаралық өнер фестивалі туралы жарнамалық ақпаратқа көзім түсті. Дереу ұйымдастырушылармен байланысқа шығып, өз жұмыстарымды жолдадым. Олар менің туындыларыма «кəсіби деңгейде жасалған» деп жоғары баға беріп, «Алдар көсе» атты темірден жасалған мүсінімді байқауға жіберу туралы шешім қабылдады. Фестивальдің бірінші онлайн кезеңінде жоғарыда атап өткен жұмысым бірінші орынды иеленіп, нəтижесінде Лондон қаласына шақырту алдым. Шақырту арқылы виза рəсімдеп, біршама уақыт пен күш-қайрат жұмсауға тура келді. Анкета толтыру, құжаттарды реттеу, қаржылық мəселелер біртіндеп шешілді. Англияға шығу оңай емес екен. Дегенмен бəрі сəтті болды. Үш күндік фестиваль жоғары деңгейде өтті. Түрлі елдерден келген өнерпаздар өз туындыларын ұсынды. Көрмеге қойылған темір мен табиғи тастан жасалған «Табандылық» атты жұмысым жоғары бағаланып, ұйымдастырушылар тарапынан да йындаған арнайы жеті жүл денің бірі маған бұйырды. Қазақстанның туы шетел сахнасында желбіреп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген сəт маған ерекше шабыт сыйлады, – дейді бізбен ой бөліскен Ерғали Бекешев. Ерғали Бекешев 1963 жылы Тасқала ауданында дүниеге келген. 1985 жылы А.Пуш кин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін тəмамдаған. Мүсін өнеріне деген ықыласы оны шынайы кəсіби жолға жетеледі. Бүгінде ол – Қазақстандағы белді мүсіншілердің бірі. 2010 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі атанса, 2023 жылы Қазақстан Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі болып қабылданды. Мүсінші-суретшінің шығармашылық қорында көптеген ерекше туынды бар. Олардың арасында темірді дəнекерлеу арқылы жасалған «Алдар көсе», «Бақбақ гүл», «Қобыз», «Суретші», «Түс», «Махамбет», «Ғасырлар үні», «Нарын», «Табандылық» сияқты туындылары ел арасында кеңінен танымал. Ақтаудың ұлу тасынан қашалған «Торсық» пен «Əже», граниттен жасалған «Нəубет заманы» монументі, Оралда орнатылған «Үкілі домбыра» композициясы – қазақхалқының тұрмыс-тіршілігін, рухани мұрасын бейнелейтін үлкен мəдени мұралар. Оның туындылары тек көркемдік қана емес, тарихи-танымдық мазмұнымен де құнды. Мүсінші кез келген затты – темір болсын, тас болсын үлкен оймен, философиялық мағынамен, ішкі мазмұнмен үйлестіре білуге ерекше мəн береді. – Бұл сапар маған ерекше əсер қалдырды. Лондон – ғажайып қала. Ұлттық галерея, Биг-Бен, тарихи көне көшелер – бəрі де шабыт сыйлады. Екі-үш ғасыр бұрын салынған үйлердің сапасы таңқалдырды. Осы сапарға шығуыма қолдау көрсеткен облыс əкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытжан Нарымбетовке, Бəйтерек ауданының əкімі Марат Тоғжановқа жəне кəсіпкер азаматтарға, достарыма алғысым шексіз, – дейді мүсінші. Ерғали Орынғалиұлы ширек ғасырдан астам шығармашылық жолында «Қазақ өнерінің қайраткері», «Сіңірген еңбегі үшін» ордені жəне «Даңқ галереясы» І дəрежелі дипломы, «Бəйтерек ауданының Құрметті азаматы» тағы басқа атақ-дəрежеге ие болды. Ол – тек шебер мүсінші ғана емес, өз елінің рухани елшісі. Шығармашылығымен қазақтың ұлттық болмысын, бай мəдениетін шетелге танытып, халықаралық сахнада еліміздің туын желбіретіп жүрген өнер қайраткеріне біз де өз тарапымыздан сəтті лік тілейміз.

Айгерім ҒАЛЫМ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Судья мәртебесі және сот әдебі

Дана халқымыз «Әділ би – елдің құты» деп бекер...

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...