Өзбекстан Республикасы «Дәстүрге жол» Қазақ аналары елдегі табиғи жау су тасқынына байланысты рухани қолдау білдірді

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Өзбекстан Республикасы «Дәстүрге жол» Қазақ аналары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және қазақстандықтарды елдегі табиғи жау су тасқынына байланысты рухани қолдау білдіріп, ҮНДЕУ жолдайды.

Біз отандастарымыздың, атамекенде болып жатқан осынау қиын жағдайда демеу болып, қолдау білдіреміз!

Мемлекет басшысы алапат күшке тойтарыс беруі үшін бар күштерді салып, қарекет жасап жатқанынан хабардармыз. Президент су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарға, олардың қираған үйлері мен төрт түлігі толығымен, барлық шығындар өтелетінін тілге тиек етіп қаржылық қолдау жасалатынын баса айтты.

Және де өте әсерлі сәт: Мемлекеттік құрылымдар ғана емес, қарапайым азаматтар мен тұрғындар жұмыла көтеріліп, су тасқынына тосқауыл болуда. Бұл бірлік пен ынтымақтың ажырамас бөлігінің айқын көрінісі.

Елдің ірі кәсіпорындарымен қатар, Қазақстан азаматтары жылу жинап, миллиардтаған қаржы бөлініп жатыр. Көрші елдер мен бауырлас мемлекеттер гуманитарлық һәм қаржылық қолдау білдіруде.

Біз осынау қиын-қыстауда моральдық һәм рухани білдіріп, осынау кезеңнен аман шығуына шын жүректен тілекшіміз.

Біз сіздермен біргеміз!

Клара САДЫРБАЕВА,

Өзбекстан Республикасы

«Дәстүрге жол» Қазақ аналарының Төрайымы

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...