Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг өткізілді

Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков, Қызылорда қалалық соты әкімшісінің басшысы Н.Дүйсенова Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өткізді.

Брифинг барысында Б.Елшібеков 2022 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізіліп, 24 маусым – судья және сот қызметкері күні болып бекітілгенін, бұл күн кездейсоқ таңдалмағанын, 1992 жылы 24 маусымда сот жүйесі туралы заңнамаға алғашқы түзетулер енгізіліп, ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық, қалалық, аудандық соттардың, әскери соттардың сот төрелігін жүзеге асыруын қамтамасыз еткенін атап өтті.

Сонымен қатар, биыл қазан айында ІХ судьялар съезі өтетінін, мұндай жиындар сот жүйесі мен судьялар қауымдастығының саладағы мәселелерді әріптестермен бірігіп шешуге, өзара тәжірибе алмасуға, аға буын мен кіші буын арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретінін, биылғы съезде сот жүйесінің маңызды мәселелері талқыланатынын журналистер назарына жеткізді.

Б.Елшібеков Қызылорда соттарында «Сот каникулы» пилоттық жобасы жүзеге асырылатынын, жоба бойынша судьялар белгілі бір мерзімде бір уақытта демалысқа шығатынын, олар болмаған кезде іс жүргізу әрекеттерін кезекші судьялар жүргізетінін, сол арқылы азаматтар сот демалысының мерзімін алдын ала біле отырып, жазғы уақытта сотқа жүгіну мерзімін жоспарлай алатынын атап өтті.

Қызылорда қалалық соты әкімшісінің басшысы Н.Дүйсенова еліміздің сот жүйесі реформалаудың бірнеше кезеңінен өтіп, заманауи стандарттарға сай сот жүйесі қалыптасқанын, бүгінде тараптар мен сотқа жүгінушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында электронды ақпараттық жүйелер тиімді қолданылып келе жатқанын атап өтті.

Брифингке қатысушылар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...