12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӨНДІРІС САЛАСЫНДАҒЫ АПАТ ҚАШАН АЗАЯДЫ?

«Қазақмыс» кəсіпорындарында жиілеп кеткен жазатайым оқиғалар өнеркəсіптік қауіпсіздік мəселелеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмеудің бірден-бір салдары екені анық.

Бұл жөнінде Мəжілістің жалпы отырысында депутат Арман Қалықов мəлімдеді. Арман Қобыландыұлы бүкіл елді дүр сілкіндірген Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы кенішінде 7 кеншінің өмірін қиған қайғылы оқиғаға қатысты Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдаған болатын. Бүгінде бұл жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауына алынып, Үкіметке төтенше жағдайдың себептерін мұқият тергеу жəне зардап шеккендерге көмек көрсету міндеттелгені белгілі. Іле арнайы комиссия құрылып, оқиға бо йынша қылмыстық іс қозғалыпты. Қалықов мырза бұл оқиғаның қауіпсіздік шараларының тағы да назардан тыс қалғандығынан орын алғанын нақты дəлелдермен ортаға салды. Мəселен, 2023 жылы Балқаш мыс балқыту зауыты мен Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында монтажшы мен тау- кен шебері, №2 Жезқазған байыту фабрикасында бір əйел, ал Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде екі кенші қаза тапты. Былтыр қазан айында Балқаш өңіріндегі «Саяқ-3» шахтасында көміртегі тотығының шығарылуынан тағы екі шахтер жан тапсырды. Енді, міне, айдың күннің аманында 7 адамның өмірін жалмаған тағы бір қайғылы оқиға болып отыр. Қалықов мырзаның айтуынша, мыс өндіру кенішінде табиғи түрде болатындығы назардан тыс қалған газдың жарылу ықтималдығы туралы ақпарат ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл – анық қауіпсіздік ережелерінің бұзылу көрсеткіші. Ең жақсы əрі табысты кəсіпорынның бірі болып саналатын шахтада жылдар бойы еңбек қауіпсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілмей келгендігі сұрақ тудырады. Мұндай техногенді апаттар еліміздің мұнайлы өңірлерінде, шахталарда, кен орындарында жыл сайын болып жатыр. Бұл мемлекеттік өнеркəсіптік қауіпсіздік институттарының маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді. Өкінішке қарай, осы саланы үнемі реформалау салдарынан тұтас мемлекеттік бақылау жүйесі жоғалды. Олармен бірге біліктілігі жоғары мамандар мен инспекторлардан да айрылдық. Сондай-ақ он жыл бұрын өнеркəсіптік қауіпсіздік мəселелері жөніндегі жалғыз республикалық ғылыми институт таратылып, техногендік қауіпсіздік саласындағы ғылыми-əдістемелік база да жо йылған. Халық қалаулысының өзі де, оның əріптестері де өнеркəсіп қауіпсіздігі жүйесін қайта құрудың орны толмас салдары болуы мүмкіндігін айтып, бірнеше рет депутаттық сауал жолдаған екен. Сонымен қатар депутаттар тарапынан осы саладағы бақылау мен қадағалауды күшейту бойынша заңнамалық жəне жүйелі тетіктер де ұсынылыпты. Бірақ Үкімет пен Ұлттық экономика министрлігі бұл маңызды заңнамалық бастаманы қолдамаған. Қордаланған мəселелерді ескере отырып, өнеркəсіптік қауіпсіздік жүйесінде қалыптасқан жағдайға тиісті талдау жасалмай, оны одан əрі қысқарту етек алған. Мəселен, аймақтық қауіпсіздік департаменттері азаматтық қорғаумен біріктірілді. Тау-кен өнеркəсібіндегі, құрылыстағы, қауіпті өндіріс тердегі өнеркəсіптік қауіпсіздік мəселелері ТЖД-ға, яғни өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға берілді. Осының бəрін ортаға сала келіп, Қалықов өзінің 30 жылдан астам өндірістік тəжірибесі бар адам ретінде бұл жағдайды нонсенс жəне апат деп санайтынын айтты. Сонымен қатар ол Үкіметке нақты ұсыныстарын жеткізді. Олар: дербес жəне тікелей Премьер-Министрге есеп беретін мемлекеттік органды құрып, оған өнеркəсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету функцияларын беріп, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту, өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, газ қауіпсіздігі жөніндегі сарапшыларды тартып, апаттың себептеріне дереу мұқият жəне тəуелсіз тергеу жүргізу, еңбек қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сай тау-кен кəсіпорындарында жабдықтар мен технологияларды жаңғыртуды қаржыландыруды қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру қажеттігі. Адам жанын қиған апатты жағдайдан соң Үкіметтің бұл ұсыныстарды қолдап, нақты шаралар қабылдауы басы ашық мəселе болып тұр.

А.ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Салық кодексі жобасына түзетулер Парламент қарауына қабылданды

Салық кодексі жобасына түзетулер Парламент Мәжілісіне қабылданды. Ақпаратты Ұлттық экономика министрлігі растады.

Когда перестанут гибнуть шахтеры?

Трагедия на руднике в области Улытау не оставила никого равнодушным. На заседании Правительства заместитель Премьер-министра РК Канат Бозумбаев сообщил, что для выяснения причин обрушения созданы две специальные подкомиссии.

Қанша қазақстандық психикалық орталықтарда есепте тұр?

Психикалық денсаулық орталықтарында 300 мыңнан аса қазақстандық есепте тұр. Алайда оларды емдейтін мамандар жетіспейді. Елде психиатрлар, психологтар және әлеуметтік қызметкерлердің тапшылығы байқалады.

Блогерлерге қатысты әлеуметтік желіде тараған тізім: Кірістер комитеті не дейді?

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде тарап кеткен блогерлердің тізімі мен олардың табысы туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Елімізде пойыз билеттерінің бағасы қаншаға өседі?

Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов көктемде билеттер қаншалықты қымбаттайтынын айтты.