Қанша қазақстандық психикалық орталықтарда есепте тұр?

Психикалық денсаулық орталықтарында 300 мыңнан аса қазақстандық есепте тұр. Алайда оларды емдейтін мамандар жетіспейді. Елде психиатрлар, психологтар және әлеуметтік қызметкерлердің тапшылығы байқалады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айна Мусралимова мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мусралимованың айтуынша, бұл сан халықтың 1,5 пайызына тең.

«Біз адам қалай емделетінін және не емдейтінін көруіміз керек. Стационарларда медициналық көмек қалай көрсетіледі? Медициналық-әлеуметтік оңалту бар ма? Бұл бағыт бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде қандай деңгейде?» – деді ол.

Депутат психиатрия саласындағы мамандар тапшылығына да назар аударды. Нормативтерге сәйкес, бір психиатр-наркологқа 20 мың адам, ал бір бала психиатрына, психотерапевтке, психологқа немесе әлеуметтік қызметкерге 60 мың адамнан келеді.

«Қазір республика бойынша 202 штат қана жұмыс істеп тұр, бұл 163 нақты маман деген сөз. Бірақ кадр тапшылығы өте үлкен, 368 маман жетпейді. Оның ішінде 83 психиатр дәрігер, 69 бала психиатры, 81 психотерапевт, 60 психолог және 75 әлеуметтік қызметкер жетіспейді. Бұл сандар төмендетіліп көрсетілген деп ойлаймын!» – деді Мусралимова.

Ол кадр тапшылығы мәселесіне назар аударып, халыққа психиатриялық көмек көрсетудің тәсілдерін қайта қарауға шақырды.

Сондай-ақ, депутат Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Алайда құжаттың Парламентке қашан түсетіні әзірге белгісіз.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.