12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Оңтүстік Корея заңсыз жүрген қазақстандықтарды қайтару жөнінде талап қойды: енді не өзгереді?

Оңтүстік Корея билігі заңсыз жүрген 15 мыңға жуық қазақстандықты елге қайтару туралы талап қойып отыр. Massaget.kz тілшісі мәселе қалай шешіліп жатқанын анықтады.

Шетелде қанша қазақстандық бар?

Сыртқы істер министрлігінің Massaget.kz-ке берген ресми жауабына сүйенсек, қазір Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінде 2 046 ҚР азаматы, ал Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде 1 240 ҚР азаматы консулдық есепте тіркелген. Министрлік консулдық есеп еркін тәртіппен жүргізілетінін еске салды.

Енді қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қалай жұмыс істейді?

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың құқығын қорғау мақсатында бірқатар шара қабылдаған. Соның ішінде Қазақстанды Корея Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне, яғни Employment Permit System-ға енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқаны белгілі болды.

EPS жүйесі 2004 жылғы 1 тамыздан бастап жұмыс істейді. Бұл жүйе арқылы 16 елдің азаматтары Оңтүстік Кореяда жұмыс істей алады.

Анықтама: жүйеде жұмыс қызмет көрсету, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық аулау салаларында ұсынылады. 

«EPS жүйесі шетелдікке Оңтүстік Кореяда 3 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді, алайда жұмысшылармен келісімшарт ұзартылуы мүмкін, бұл оларға елде 4 жыл 10 айға дейін тұруға мүмкіндік береді», — деп жазылған министрліктің ресми жауабында.

EPS жүйесіне қатысу үшін корей тарапының қоятын талабы — EPS дайындық орталықтарының болуы. Бұл орталықтарда Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетіндер тілдік курстардан, көшпелі және медициналық даярлықтан, корей тілі бойынша тестілеуден өтеді.

Корея Республикасы қандай шешім шығарды?

Корея Республикасы Қазақстан азаматтарының медициналық тексерістен, тілдік оқытудан және көшпелі даярлықтан өтуі үшін Алматы және Алматы облысының Қонаев қалаларында EPS орталығын ашуға келісімін берген.

Корея Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекетті Оңтүстік Кореяның EPS жүйесіне қосу мәселесі үш кезең бойынша жүзеге асырылады: 1) мемлекетішілік келісу; 2) EPS орталығын ашуға арналған нысандармен танысу; 3) Корея Республикасының ведомствоаралық комиссиясында Қазақстанды EPS жүйесіне қосу туралы түпкілікті шешім қабылдау.

«Бүгінде Қазақстанды EPS жүйесіне қосу мәселесі Корея Республикасының жауапты мемлекеттік органдарымен мемлекетішілік келісу сатысында тұр», — деп жазылған министрлік жауабында.

Сондай-ақ қазір корей тарапы Қазақстанды EPS жүйесіне қосу үшін үш шарт қойып отыр:

  • Ізденушінің Корея Республикасының көші-қон заңнамасын бұзуға жол бермеу жөніндегі міндеттемені қабылдауы;
  • Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі жанынан Еңбек көші-қоны жөніндегі атташе жеке лауазымын енгізу.
  • Бұрын Оңтүстік Кореяда заңсыз болған және көші-қон заңнамасын бұзған қазақстандық азаматтардың Қазақстаннан Корея Республикасына қайта келмеуі жөнінде шаралар қабылдау.

Ал Қазақстанның министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселелерді пысықтап жатыр.

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргендерге қандай шара қолданылады?

«Кореяның көші-қон заңнамасын бұзған көшіп-қонушыларға Корея Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданады», — деп жазылған министрлік жауабында.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандықты елге қайтару жұмыстарымен Ішкі істер министрлігі айналысып жатқанын айтқан еді.

Алайда Ішкі істер министрлігі Massaget.kz-ке жауабында «бұл мәселелер Ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатпайды. Сыртқы істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінуге кеңес береміз», — деп жауап берді.

Ұлыбританиядағы ахуал қандай?

Қазақстан азаматтары жұмыс істеуге баратын елдердің бірі — Ұлыбритания. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлыбританиядағы жағдайға қатысты да пікір білдірді. Қазір министрлік Ұлыбританиямен екіжақты келісім жасау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.

«Ұлыбританияда маусымдық жұмыс істейтін Қазақстан мигранттарының еңбек құқығын қорғау мәселелерін талқылау үшін Ұлыбританияның бандитизмге және еңбек зорлық-зомбылығына қарсы күрес басқармасының өкілдерімен жұмыс кездесу өткізілді», — деп жазылған ресми жауапта.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Оңтүстік Корея билігі заңсыз жүрген 15 мыңға жуық Қазақстан азаматын елге қайтару туралы талап қойып отырғанын мәлімдеді. 

Министр мемлекеттік органдар жауапты ведомство дайындаған келісімшартты мақұлдап, құжат Оңтүстік Кореяға Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберілгенін айтты.

Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидияны қалай алуға болады?

Елімізде әлеуметтік осал топқа жататындар мемлекеттен пәтерді жалдау ақысының 50 пайыз мөлшерін ала алады. Судсидиялау тәртібін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі реттейді. Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидиялау қалай жүзеге асырылады? Оған кімдер және қалай қатысады?

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың деректері жарияланды

ТЖМ Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты ақпаратты жариялады.

Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді

Биыл қазақтың жыл санауы бойынша Жылан жылы. Жылан - мүшел есебінің алтыншы жылы, Ұлу жылынан соң, Жылқы жылынан бұрын келеді. Қазақ бұрыннан әр жылдың өзіне тән сипатын берген. Ал Жылан жылы қандай болады?

Қазақстанда автокөліктің утиль алымы төленгенін қалай тексеруге болады?

Автокөлікті тіркеу және заңды түрде пайдалану үшін утиль алымының төленгенін тексеру - маңызды қадам. Әсіресе шетелден әкелінген көліктерді сатып алу кезінде бұл мәселені назардан тыс қалдырмау керек.

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қанша қазақстандық болған?

Министрліктің алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.