Қонаевтан қатынайтын пойыз бағыты Алматы-2 станциясына дейін ұзартылады

Қонаевтан күнделікті қатынайтын пойыз бағыты Алматы-2 вокзалына дейін ұзартылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, биыл 11 желтоқсаннан бастап Алматы-2 стансасына дейін жолды ұзарту жоспарланған. Пойыз тәулігіне орта есеппен 25-40 адам тасымалдайды.

«Алматы-1 — Қапшағай — Алматы-1 пойыз бағыты іске қосылғаннан бері күнделікті тасымалдар:

Алматы-1 — Қапшағай — 25 жолаушы;
Қапшағай — Алматы-1 — 38 жолаушы».

Маршрутты іске қосу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбеген. 2022 жылдың соңына дейін бағытты ұстау «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жеке қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

«Жергілікті атқарушы органдармен 2023 жылға арналған бағытты субсидиялау туралы шешім қабылданса, «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдауды ары қарай жүзеге асыру үшін тендерге қатысады», — делінген компания таратқан хабарламада.

Еске салайық, 11 қарашадан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қонаев-Алматы бағытындағы күнделікті қала маңындағы пойызды іске қосты.

Пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді.

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Маршрут Север — Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит

Казахстан продолжает развивать транспортные коридоры, связывающие рынки Азии, России...

Контейнерные перевозки по Среднему коридору выросли на 58% за год

Объем контейнерных перевозок по Транскаспийскому международному транспортному маршруту (ТМТМ),...