Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 


📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда экономикалық даму және экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекел мәселелері сөз болды. 

✔️ Жиынды аша отырып, Үкімет басшысы орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың нақты әл-ауқатын арттыру басым міндет болып қала беретінін атап өтті. Олжас Бектенов сараптама мен кеңестер алу үшін жұмыс тәсілдерін жан-жақты талқылау бойынша кездесулердің маңыздылығына тоқталды.

🔹 Кездесу барысында сарапшылар қауымдастығының өкілдері экономикалық өсудің негізгі мәселелері мен бағыттарына өз бағасын берді. Сарапшылар сондай-ақ жаһандық процестер мен әлемдік конъюнктураның ықпалын ескере отырып, ұлттық экономиканың даму қарқыны бойынша болжамын айтты. Салалық жаңғыртудың басымдықтары, нарықтың неғұрлым өзекті сұраныстары және олармен технологиялық бастамаларды өзара байланыстыру бойынша ұсыныстар айтылды. 

💬 Еуразия ұлттық университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Күлекеев, NAC Analytica басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов, AERC Қолданбалы экономика зерттеу орталығының бас директоры Жәнібек Айғазин, Visor инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин, Зерттеу және консалтинг орталығының серіктесі Әнуар Боранбаев, CSI жеке консалтингтік компаниясының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов, «TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының директоры Асқар Қысықов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі Эльдар Шамсутдинов пікірлері мен ұсыныстарын айтып, сөз сөйледі.

🔹 Инфляцияға қарсы күрес шаралары, отандық өндірісті ұлғайту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, ЖИ-ді дамыту үшін электр энергиясын өндіру, инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. 

📌 Салық реформасын талқылау кезінде өтпелі кезеңнің маңыздылығы атап өтілді. Үкіметтің шешіміне сәйкес ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар қарыздың негізгі сомасы 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін өтелген жағдайда есептен шығарылады.

✔️ Кездесуді қорытындылай келе Премьер-министр Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтіп, жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын...

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...