Ольга Шишигинаның қатысуымен әйелдер колониясында спартакиаданың жабылуы өтті

Кәсіби спортшылармен титулды чемпиондар Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесінде «FANTASY SPARTAKIADA-2024» жазғы спартакиадасының салтанатты жабылуына қатысты.

Қазақстандық жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы және жабық үй-жайларда 100 метрге кедергілермен жүгіруде әлем чемпионы, V-VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга Шишигина, әлемдік біріншілікте каратэден абсолютті әлем чемпионы, КСРО Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Закир Тохтиев, Дін Істері Басқармасының теологы Әйгерім Ақбергенова, ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Оксана Калинина, ҚАЖ зейнеткері Омаржан Тоқтиев, «Azamatsha.kz» қайырымдылық қорының директоры Мадина Сауытбекова және басқа да қонақтар спорттық элементтері бар би концерт-конкурсына қатысып, жеңімпаздарды грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«Біз мекемеге алғаш рет келіп отырмыз, жасыратын ештеңе жоқ концерттің ұйымдастырылуына, қатысушылармен көрермендердің ауқымдылығына және, әрине, бидің керемет қойылымына таң қалдық. Әйелдерге зор денсаулық және тезірек босатылып шығуларын тілейміз», — деп атап өтті Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина.

«Мұндай іс — шараларға кәсіби спортшылардың қатысуы салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыру ғана емес, сонымен қатар сотталған әйелдер арасында мәдениет пен спортты дамытуда жақсы үлгі болып табылады», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...