Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен кездесу

Бүгін яғни 20.11.2024 ж. Үржар аудандық кітапханасының ғимаратында Үржар аудандық ақпараттық түсіндірме жұмыс тобының ұйымдастыруымен, Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарының қатысуымен, Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған азаматтар арасында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар, діни мәселелер және де қазіргі уақытта қоғамға қауіпті теріс діни ағымдар бойынша көптеген мәліметтер алып,арнайы мамандардан өздерін қызықтырған діни сұрақтарға ұтымды және нақты жауаптар алды.
Пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға дұрыс діни бағыттар беру, олардың діни көзқарастарының дұрыс қалыптасуына осындай іс-шаралардың пайдасы шексіз. Бұл бағыттағы жұмыстар келешекте де жалғасын тауып пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында діни сауаттылықтарын артырып, теріс діни ағымдардың жетегінен бойларын аулақ ұстаулары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіле бермек,- Үржар аудандық пробация қызметінің бастығы Бауржан Ерденбеков.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...