Облыстық Ә.Тәжібаев кітапханасынан 30 кітап

Қызылорда облысы бойынша ЗК- 169/1 мекемесінің кітапханасына Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 30 кітап сыйға тартты.

Бұл кітаптарды мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры Олжабаев Қайрат Байдүйсенұлы кітапхана қорын арттыру әрі соталғандады тәрбиелеуге пайдалану мақсатында сұратқан болатын. Мекеме тарапынан жіберілген сұранысқа аз уақыт ішінде жауап берген рухани орда дан бүгінгі таңда 30 кітап алынып, мекеме кітапханасының қорына қосылды.

Әкелінген кітаптар алдымен теологтары мен ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері тексерістен өткізді. Тексеру барысында, әкелінген құнды сыйлар арасынан радикалдық бағыттағы және шытырман оқиғалы туындылар мен мекеме ішіне алып өтуге тыйым салынған заттар анықталған жоқ. Бұл кітаптардың ішінде қазақ әдебиетінің класик жазушыларының қазақтың бес арысының да, шығармалары бар. Кітаптарды сыйға тартқан кітапхана басшылықтарына алғысымызды білдіре отырып, сабырлы ұстаз саналатын кітаптың, жазасын өтеуші жандардың түзеу жолға түсуіне септігін тигізетіне сенімім  мол – деді, майор Қ.Олжабаев.

«Кітап — ең сабырлы ұстаз! Тек кітап ғана қайырылымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді» деп, айтылғандай бұл құнды дүниелердің сотталғандарды тәрбиелеуге игі әсері болатыны анық. Өйткені, мекемеде жазасын өтеушілер арасында «артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге» қағидасын ұстанатындар саны жеткілікті.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...