Облыстық сотта бизнес-Омбудсменмен кездесу өтті

Бүгін Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі, бизнес –Омбудсмен – Рустам Жүрсіновпен кездесу өтті.

Шараға облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев, алқа төрағалары, судьялар, қалалық сот төрағалары және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.      Кездесудің мақсаты — әділдік пен ашықтықты сақтау қағидаттарына негізделген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жүйелі ынтымақтастық құру. Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев өңірімізде кәсіпкерлер құқығының қорғалуы басты назарда екендігін айта келе, осы тұрғыда тек азаматтардың ғана емес, кәсіпкерлердің де құқықтарын қорғауда, оларға қатысты дауларды объективті шешу барысында әкімшілік  әділеттің маңыздығына тоқталды.

Бизнес-Омбудсмен Р.Жүрсінов аймақтағы кәсіпкерлердің құқықтық жағдайына, оларға қатысты жиі туындайтын дауларға тоқталып, осы бағытта сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді екендігін айтып, алдағы уақытта бизнестің жүйелік мәселелерін шешуде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша өз ұсынымдарын айтты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...