ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРІЛДІ

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов облыстық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесіп, аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың алғысын жеткізді.

Мемлекет Басшысының «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес аймақта референдумды қолдау шараларына азаматтық қоғам өкілдерінен облыстық штаб құрылып, халық арасында үгіт-насихат жүргізуге белсенді атсалысты. Оның құрамына үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер, ғалымдар, заңгерлер, қоғам белсенділері кірді.

«Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша халық арасында кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде облыстық қоғамдық штаб мүшелерінің рөлі зор болды. Жаңа Қазақстанды жаңғыртуды Президенттің Конституциядан бастауын барша Сыр жұртшылығы әділеттіліктің нышаны ретінде қабылдап, Мемлекет Басшысының бастамаларына сенім артты және қолдау білдірді. Оның айқын дәлелі, республика деңгейіндегі дауыс беру көрсеткішімен Қызылорда облысы екінші орынға тұрақтап, үздік өңірлер қатарынан көрінді», — деді Ш.Байманов өз сөзінде.

Кездесу барысында штаб төрағасы Ж.Базартай сөз алып, штаб мүшелерінің Жаңақорған ауданынан бастап Арал ауданына дейін елді мекен тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоғары дәрежеде жүргізілген атап өтті.

Кездесу соңында Ш.Байманов штаб мүшелеріне облыс әкімінің «Алғыс хатын» және «Кітап ал» дүкенінің сертификатын табыстады.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...