Облыстың бас полицейі М.Қабденов спортшы полицейлерді марапаттап, жас мамандарға шендерін табыстады

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, облыстың спортшы полицейлерін қабылдап, марапаттау рәсімін өткізді. Жалпы тәртіп сақшылары қылмыспен күресіп қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі спорттық жарыстарда топ жарып жүр.
Сондықтан мәжіліс залында өткізілген шарада бағы мен бабы келісіп, Анталия қаласында (Түркия) өткен ересектер арасындағы «Әмбебап жекпе-жек» спорт түрінен Әлем кубогінде 90 келі салмақ дәрежесінде күресіп, жүлделі ІІ-орында иеленіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізген полиция капитаны Жәнібек Жақыпбекұлы медаль, кубок, арнайы сертификатпен марапатталды.
Сондай-ақ Өскемен қаласында Полиция департаменттері қызметкерлерінің арасында самбо күресінен ҚР ІІМ спартакиадасында 58 келі салмақ дәрежесінде ІІ-орын иеленгені үшін полиция капитаны Мұхтар Маратұлы медаль, грамотамен марапатталды. 88 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Еркеғали Серғалиұлы иеленсе, ал 98 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Ернат Керімханұлы қанжығалады. Аталмыш спортшыларды қабылдаған генерал М.Қабденов өзінің алғысын білдіріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Одан бөлек іс-шара кезінде ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес орта басшы құрамының алғашқы полиция лейтенанты арнаулы атақтары берілді. Олар Сауықбек Асабаев, Елдос Мұхтарұлы, Нұрсұлтан Ақышбекұлы, Гүлбану Жабаева, Талғат Жаңабай, Ыбырай Жұмабек, Гүлбаршын Мұхаметқалиева, Нұрболсын Орымбаевтарға шендері салтанатты түрде табысталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...