Бүгін Қазақстан Республикасы сот Әкімшілігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ. Есқайров, БҚО Әділет департаменті басшысы А.Тасыбаева және Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялык жүйелер университеті ректоры Ә.Баяхов өзара үштарапты Меморандумға кол койды.
Меморандум сот жүйесі, әділет департаменті қызметкерлері мен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ, жастар арасында құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында жасалды.
Меморандум шеңберінде тараптармен құқықтық сана деңгейін, құқық колдану дағдыларын артыруға бағытталган білім беру және акпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілетін болады.
Іс-шара аясында тараптар өзара ынтымақтастық салаларын анықтады. Оның ішінде — бірлескен оқу-білім, тәжірибеден өту бағдарламаларын іске асыру, өзара ынтымақтастық аясында іс-шараларды жобалау бар. Тараптар өкілдерінің ғылыми-әдістемелік семинарларда, конференцияларда және басқа да ауқымды іс-шараларда қатысуымен тәжірибе алмасуы көзделіп отыр.
Шара барысында сөз алған сот Әкімшілігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары сот жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы баяндап, оқытушылардың және оқушылардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша ашық сот отырыстарына кедергісіз қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушылардың оқу-танысу және өндірістік іс-тәжірибелерін облыс соттарында өткізуді ұйымдастыру сынды мәселелер меморандум аясында шешімін тауып отыратынын айтты.
Қ. Есқайров судьяларды сот мамандарынан іріктеп алу, болашақ судьялар мен сот қызметкерлерін даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. Сол себептен меморандумға қол қою білікті маман даярлаудағы маңызды қадам болып табылады.
Іс-шара қорытындысында ректор Ә.Баяхов облыс соттарының басшылығына жас маман кадрларды даярлауға үлес қосуға ниет танытқаны үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, қатысушылар аталған Меморандум қол қоюшы тараптар арасындағы оң жұмыстың бастамасы болатынына сенім білдірді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі