12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Оқушыларға ораза ұстауға бола ма? Діни басқарма жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде оқушылардың оқу үлгерімі мен денсаулығына қатысты мәселе талқыланған еді. Ұстаздар мен ата-аналар мектеп оқушыларының ораза ұстауы қаншалықты орынды деген сұрақты талқылаған. Бұл сұрақтың жауабын Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы айтты. 

“Біріншіден, шариғатымыз бойынша балиғат жасына жетпеген жас балаға ораза ұстау – парыз емес. Бұл туралы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш адамнан қалам көтерілді: айыққанға дейін жын түрткен адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан». Біз бұл хадистен балиғатқа толмаған жас балаға құлшылық жасау, оның ішінде ораза ұстау міндет емес екенін түсінеміз.

Екіншіден, балиғатқа және кәмелетке толмаған жас баланың ораза ұстау кезінде оның организмінде әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай кішкентай бүлдіршіннің денсаулығына кері әсер етуі, сонымен қатар оның толыққанды білім алуына кедергі келтіруі мүмкін. Ата-аналарға осы мәселеге аса көңіл бөлуге кеңес береміз», – деді ҚМДБ өкілі Facebook парақшасында. 

Бұған қоса ол ата-аналарды балаларын ораза ұстауға мәжбүрлемеуге шақырды. 

«Оразаны себеп етіп, әркімнің өзіне жүктелген жауапкершілігіне немқұрайлы қарауына болмайды. Өйткені әр адам сауап амалды өзі үшін орындайды. Үшіншіден, ата-аналардан балиғат жасына жетпеген балаларды ораза ұстауға мәжбүрлемеуді сұраймыз», – дейді Ағабек Қонарбайұлы.

Ерлан Қошанов: Биыл 100 заң қабылданды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар биыл 100 заң қабылдағанын айтты.

Алматы автобустарында жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізілді

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі іске қосылды. Енді автобус төлемін елдегі танымал банктердің бірінің QR-коды арқылы төлеуге болады.

Жеңілдік пен 16% салық: Жаңа Салық кодексінің басты өзгерістері

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңартылған ережелері күшіне енеді. Құжатта ҚҚС мөлшерлемелері, салық салынбайтын операциялар, есепке жатқызу тәртібі және декларация тапсыру мерзімдері нақты айқындалған.

Мәжіліс 2025 жылды қорытындылады

Бүгін Мәжіліс 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткізді. Палата төрағасы Ерлан Қошанов биыл атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Стратегия роста и новые возможности 

МАНГИСТАУСКАЯ ОБЛАСТЬ ПО ИТОГАМ ТЕКУЩЕГО ГОДА ДЕМОНСТРИРУЕТ ВПЕЧАТЛЯЮЩУЮ ДИНАМИКУ,...