Оңтүстікте 35 градусқа дейін аяз. Бүгінгі ауа райы болжамы

Синоптиктер 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фрронталды бөліктердің өтуіне байланысты, республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Республикамыздың оңтүстік-шығысында тұман түседі», — делінген хабарламада.

Ел аумағының басым бөлігі әлі де арктикалық антициклон ықпалында болады, соған байланысты, Түнде Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-35 градус аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -15-17 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз -13-15 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....