Оңтүстік Африка Республикасында жаппай тәртіпсіздіктер басталды

Оңтүстік Африка Республикасында энергия бағасының өсуі мен өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты тәртіпсіздіктер басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Africa News басылымына сілтеме жасап.

Негізгі қызметтердің қымбаттығына наразы жергілікті тұрғындар Йоханнесбург қаржы орталығының солтүстік-шығысындағы Тембиса қаласында жолдарды дөңгелектермен қоршап, муниципал ғимаратты өртеп жіберді.

Билік полициямен болған атыс кезінде екі адам қаза тапқанын мәлімдеді. Кейін Оңтүстік Африканың Қорғаныс министрлігі өртенген ғимарат кіреберісінде тағы екі мәйіт табылып, қаза тапқандардың жалпы саны төртке жеткенін хабарлады. Полицейлер екі адамның өліміне не себеп болғанын әзірге растаған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, әлемдегі жұмыссыздық пен қылмыс деңгейі ең жоғары елдердің бірі саналатын Оңтүстік Африкада наразылық шерулері жиі болып тұрады. Eskom ұлттық коммуналдық кәсіпорнының қарыздары көп, жұмысшылары ереуілге шығып жатыр. Сол себептен, кейінгі айларда электр қуатының үзілуі де көбейді.

Құрылтай сайлауының барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – «Халық үні»

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні...

Қазақстан сайлау барысын азаматтарға үзбей хабарлап отыруды қамтамасыз етті – Ресейден келген халықаралық байқаушы

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын...

Рухани-адамгершілік әдебиетті зерделеу

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері рухани-адамгершілік және...

Изучение духовно-нравственной литературы

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности в рамках...