Оқшауланған аймақтағы сотталғандар спорттық іс-шараға қатыстырылды

Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі басты мәселе. Сондықтан , ЗК- 19/1 тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша қамауда отырған сотталғандарымен мекеме теологтары түрлі бағытта жұмыс атқарып келеді. Соның бірі ретінде, бүгін, оқшауланған аймақтағы сотталғандарды, бойкүйездік пен жағымсыз ойлардан арылтып, өмірге деген құлшыныстарын арттырып, көзқарастарын оң бағытқа қайтару мақсатында, спорттық іс-шараға қатыстырылды. Жат ағымның жетегіне ергендерді оңалту жұмысы ұзақ мерзімді талап етеді. Әрі олардың бетін бері қайтару үшін біз әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз.

Соның бірі ретінде бүгін жазасын өтеушілер жарысқа қатыстырылды. Жарыста жазасын өтеушілер қол күресі мен кір тасын көтеріп сынға түсті. Күні бойы тар қапаста отырғандар, дене қимылын жасап, біраз серпіліп қалды. Спорттық іс- шаралар, сотталғандарды ынталандырып, жақсы мінез-құлықта болуға бағыттайды. Әрі қатысқандардың барлығына стол тенисінің ракеткасы жиынтығы сыйлықтары берілді. Бұл сыйлықтарды қаламыздағы « Асыл мұра — Орда» қоғамдық қоры директоры Айтмамбетова Айжан әкеліп, демеушілік жасады. Бұдан бөлек бұл қоғамдық қордан, екі командаға арналған бес- бестен екі түрлі түсті 10 адамға арналған спорттық киім мен 3 түрлі ( фудбол, волейбол,баскетбол) спорттық ойын түрлеріне арналынңан доп түрлерін тәрбие бөлімінің бастығына әкеліп тапсырды – дейді, мекеме теологы, әділет лейтенанты Р.Рузиев. Маған бүгінгі іс- шара қатты ұнады. Белсене қатыстым. Ұтып алған сыйлығымды екі күннен соң әйелім ұзақ мерзімді кездесуге келгенде ұлыма беріп жіберемін – деді, С есімді 8 жылға бас бостандыған айрылған азамат.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...