Қоғамдық жұмыстар жаза түрі ретінде

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның белгілі бір саралауды талап етпейтін тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын тегін қоғамдық-пайдалы жұмыстарды орындаудан тұрады.

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды негізгі жұмыс орны бойынша немесе оқудан бос уақытында оларды өтеу уақытында еңбек міндеттерін орындаудан босата отырып, нүніне 4 сағаттан аспайтын мерзімде өтеледі.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаған сағаттарда есептеледі.

Қоғамдық жұмыстарға сотталғандарды бақылауды пробация қызметі жүзеге асырады.
Сотталған қоғамдық орындаудан қасақана жалттарған жағдайда, сот пробация қызыметінің ұсынымы бойынша қылмыстық кодекстің баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен және бас бостандығынан айырумен ауыстыра алады.

Қоғамдық жұмыстарға сотталғандардың бұзушылықтарының алдын алу және анықтау мақсатында 2022 жылдың 18 мамырда СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар аудандық ПҚБ-мен осы жаза түріне сотталғандардың жұмыс объектісі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді, онда сотталғандар тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ барлығы жұмыс орындарында болды.

Мысалы, сотталған «П» қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау үшін қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау үшін шаралармен қатар «Солтүстік Қазақстан облысы Кызылжар ауданының Виноградов ауылдық округі әкімінің әкімшілік өкімі» КММ-не жіберілді, онда сотталған аумақты тазалаумен айналысады, бұл қазіргі уақытта өте маңызды.

СҚО бойынша ҚАЖД
Қызылжар аудандық ПҚБ аға инспекторы
әділет аға лейтенанты Т.Серікұлы

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...