Қоғамдық жұмыстар жаза түрі ретінде

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның белгілі бір саралауды талап етпейтін тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын тегін қоғамдық-пайдалы жұмыстарды орындаудан тұрады.

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды негізгі жұмыс орны бойынша немесе оқудан бос уақытында оларды өтеу уақытында еңбек міндеттерін орындаудан босата отырып, нүніне 4 сағаттан аспайтын мерзімде өтеледі.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаған сағаттарда есептеледі.

Қоғамдық жұмыстарға сотталғандарды бақылауды пробация қызметі жүзеге асырады.
Сотталған қоғамдық орындаудан қасақана жалттарған жағдайда, сот пробация қызыметінің ұсынымы бойынша қылмыстық кодекстің баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен және бас бостандығынан айырумен ауыстыра алады.

Қоғамдық жұмыстарға сотталғандардың бұзушылықтарының алдын алу және анықтау мақсатында 2022 жылдың 20 маусым СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар аудандық ПҚБ-мен осы жаза түріне сотталғандардың жұмыс объектісі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді, онда сотталғандар тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ барлығы жұмыс орындарында болды.

Мысалы, сотталған «Т» қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау үшін қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау үшін шаралармен қатар «Солтүстік Қазақстан облысы Кызылжар ауданының Виноградов ауылдық округі әкімінің әкімшілік өкімі» КММ-не жіберілді, онда сотталған аумақты тазалаумен айналысады, бұл қазіргі уақытта өте маңызды.

СҚО бойынша ҚАЖД
Қызылжар аудандық ПҚБ аға инспекторы
әділет аға лейтенанты Т.Серікұлы

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...