Қоғамдық қорғаушылармен кездесу

Тергеу изоляторының бастығы әділет майоры Рүстем Ерғалиұлы Сағденовпен ЕС-164/1  мекемесі РММ ұсталатын тұлғалардың туыстарымен жұмыс кездесуі өтті.

Аталған іс–шараның мақсаты-күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған адамдарды ұстау шарттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы. Жұмыс кездесуіне мекеме бастығы әділет майоры Рүстем Ерғалиұлы Сағденов, арнайы есеп бөлімінің, арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің, режим және күзет бөлімінің, заң тобының және тексеру тобының қызметкерлері қатысты. Тергеу изоляторында ұсталатын адамдардың туыстары жағынан 5 адам қатысты.

Жұмыс кездесуін өткізу барысында бірқатар мәселелер қаралды. Туыстарының назарына күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған адамдарға қатысты Қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының нормалары жеткізілді.

Туыстар мекеме басшылығына туындаған мәселелерді түсінуге және шешуге көмектескені үшін алғыс білдірді.

Н.Акишев,

ЕС-164/1 мекемесі РММ КСБ инспекторы, әділет лейтенанты

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...