Қоғамдық онлайн-тыңдалым. Қазақстандықтар Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қатысты пікір білдіре алады

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты азаматтарды астана атауын өзгертуге қатысты пікір білдіруге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлай-тыңдалым 15 қыркүйекте өтеді. 

«Қоғамдық тыңдаулар 2022 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 10:00-де онлайн форматта қала жұртшылығының, мәслихат депутаттарының қатысуымен өтеді», – делінген мәслихат хабарламасында. 

Қоғамдық тыңдауларға қала тұрғындары Facebook (елорда мәслихатының ресми парақшасы) арқылы қатыса алады. Ал БАҚ өкілдері қатысу үшін Zoom сервистік платформасында сілтеме қолжетімді болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының ономастика комиссиясы елорда атауын өзгертуге қатысты ұсынысты қолдаған еді. 

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....