12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНЕ – 9 ЖЫЛ

27 жылдық тарихы бар Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, елімізде 2786 Қоғамдық келісім кеңесі бар. Оның 14-і облыстық деңгейде, екеуі республикалық деңгейдегі қалаларда, 41-і өзге қалаларда, 169-ы аудандарда, 2426-сы ауылдарда, 134-і кәсіпорындарда жұмыс жасайды. Түрлі деңгейдегі бұл Қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің жалпы саны 25 093 адамды құрайды.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің негізі 2015 жылғы 23 сәуірде өткен ҚХАның «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген тақырыппен өткен ХХІІ сессиясынан басталады. Онда сөйлеген сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Қоғамдық келісім біртұтас полиэтностық халық, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары, саяси партиялар, діни конфессиялар өмірінің басты ерекшелігі болуы тиіс. Қоғамдық келісім Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының ереже тұтар қалыбы болуы тиіс. Қоғамдық келісім тиімді инновациялық экономикаға негізделеді. Орта тап қоғамдық келісімнің діңгегіне айналады», – деген еді. Мерейтойлық сессия қарсаңында қол қойған ҚХА-ны дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының да жібек желісі – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік екенін де ерекше атап өтті. Сондай-ақ, тұжырымдаманы табысты жүзеге асыру үшін қажет шаралар қатарында қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалардың орталығы ретінде Достық үйлері жұмысының тиімділігін арттыруды; жастарды Ассамблеяның қоғамдық келісім қалыптастыру жөніндегі барлық деңгейдегі шараларына тартуды қамтамасыз етуді; Ассамблеяның туы астында барлық өңірлерде Қоғамдық келісім кеңестерін жасақтауды тапсырған. Қоғамдық келісім кеңестерінің құқықтық негізі: ҚР Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң, «ҚХА даму тұжырымдамасын (2025 жылға дейін) бекіту туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығы, «Қайырымдылық туралы» заң, «Медиация туралы» заң, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі туралы үлгі ереже болып табылады. Қоғамдық келісім кеңесі құрамына кіру ашық және ерікті болып табылады. Кеңесті құру кезінде кандидаттардың аймақтағы немесе белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық келісімді және ұлттық біртұтастықты нығайтуға қосқан үлесі, сондай-ақ олардың мүше ретіндегі міндеттері ескеріледі. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің функциялары: ағымдағы жағдайды талдау, аймақтағы әлеуметтік және басқа да жанжалдардың алдын алу және шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу; тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; ҚХА мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық белсенділікті, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды қолдау; ардагерлерді, кәсіподақтарды, жастар бірлестіктерін және басқа да қоғамдық ұйымдарды қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауға және іске асыруға тарту; әлеуметтік үйкелісті болдырмауға оның ішінде келіспеушіліктер мен дауларды шешуге, әлеуметтік шиеленістер ошақтарының пайда болуына ықпал ететін жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға қатысу; пайдалы дамуға ықпал ету.

Жақыпбек АЛТАЕВ, философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры:

– Былтырға дейін белсенді жұмыс істеп келген Қоғамдық келісім кеңестері туралы соңғы кезде ғана айтылмай қалды. Ол жақсы жұмыс істейтін болса, оның қызметінің елге пайдасы көп. Мәселенің бәрі оның қалай, қай деңгейде жұмыс істеуіне байланысты боп тұр. Яғни, кеңес жұмысының ашықтығы, ел азаматтарының онда қойып жатқан мәселелерінің қаншалықты жүзеге асып жатқаны қоғам үшін де маңызды. Жалпы, Қоғамдық келісім кеңесі – шындап келгенде, жақсы идея. Тек оның механизмін жетілдіру қажет. Кемшілікті айта бергеннен ештеңе шықпайды. Жұмысы көріну керек. Бізде мәселе көп қой. Жер мәселесі, кешегі қаңтар оқиғасында да біраз проблема туындады. Қоғамдық келісім кеңесі керек нәрсе. Тек оның жұмысын дұрыс жолға қою керек деп ойлаймын. Дамыған елдердің бәрінде Президент жанында осындай кеңестер бар. Олар елдегі ағымдағы жағдайға қатысты ақпаратты жинап, талдап, сараптамалық қорытынды жасап отырады. Бізде де біраз жыл бұрын Әлихан Бәйменов зиялы қауым өкілдері арасында бір ұйым құрған. Онда қоғамдағы мәселелер айтылып, оны шешу жолдары талқыланды. Бірақ кейін қосылған адамдар оны саясиландырып жіберіп, жұмысы тоқтап қалды. Сондықтан елдегі жағдайға қатысты көп ақпарат Президентке Қоғамдық келісім кеңестері арқылы жетуі керек деп ойлаймын.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Ел экономикасының қуатты болуы бірінші кезекте өндірісті өнеркәсіптердің сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының дамуына тікелей байланысты болары сөзсіз. Бұл орайда елордалық облыс мәртебесіне ие – Ақмола облысында жағдай біршама тұрақталып, тіпті қарқыны еселеп артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.