12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда ұшып жүрген қытайлық тыңшы кептерлердің құпиясы анықталды

Былтыр қазан айында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қанаттарында қызыл қытайлық жазу бар, аяқтары мен мойындарына микрочип орнатылған кептерлерді көріп, біраз әбігерге түскен еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтылған кептерлер туралы ақпарат ең алғаш төрт жыл бұрын таралған. Осы кезде Бекалқа ауылының тұрғындары мойнына қара пластикалық сақина тәрізді зат оралған кептердің өлі денесін тауып алған. Бұған қоса сақинада алты түрлі сан жазылған, ал кептердің аяғында микрочип секілді зат болған. Ал қанаттары қызылмен жазылған қытайлық иероглифтермен безендіріліпті.

Былтырғы жылы жағдай тағы бір рет қайталанған. Бұл жолы Қатон-Қарағай ауданының тұрғындары дәл осындай құрылғылар орнатылған тірі кептерлер көрген. Аталған жағдай бойынша орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз-хатшысы Сәкен Ділдахмет түсініктеме берді. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол бұл кептерлердің спортшы құстар екендігін жазыпты. Олардың денесінде орналасқан микрочиптер мен басқа да құрылғылар кептерлердің қайда жүргендерін бақылап, олардың жағдайы туралы ақпарат жинастыруға мүмкіндік беретін көрінеді.

«Арнайы кептерлер тұқымдастарын шығарумен мамандандырылған құс фермалары айналысады. Олардың бірі Үрімшінің Ұйғыр автономдық ауданының орталығы Синьцзянда орналасқан. Құс фермасын мекендейтін кептерлер кей кездері шекаралас жатқан жақын аудандар — Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарына 700 км қашықтыққа ұшып келеді», — деп жазыпты Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасына.

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...