Қоғамға қарызынды қайтар

Петропавл қалалық сотымен алпыс сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға
сотталған Г. есімді азамат СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев аудандық пробация
қызметінің есебіне қойылды. Есепке қою барысында сотталған Г. жазаны өтеу
шарттары және тәртібімен таныстырылды, сондай-ақ тағайындалған қоғамдық
жұмыстар түріндегі жазаны атқарудан жалтарған жағдайда жауапкершілікке
тартылатыны жайлы ескертілді.

Қоғамдық жұмыстар сот үкімі бойынша тағайындалып, мемлекеттік
органдардың қадағалауымен жүргізіледі. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды
орындауын және күніне 4 сағаттан аспауын бақылауды сотталғанның тұрғылықты
жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады. Қоғамдық жұмыстарды орындау
арқылы сотталғандар өз мінез-құлқын түзеп қана қоймай, сондай-ақ қоғамға және
қоршаған ортаға өз пайдасын тигізеді.

Қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау үшін сотталған Г. тұрғылықты
мекен-жайы бойынша М.Жұмабаев ауданының Полудино ауылдық округінің
әкімдігіне жолданды. Бүгінгі күні сотталған Г. жергілікті атқарушы органымен
белгіленген Полудино ауылының әкімшілік ғимараттары мен саябақтарының
аумағын және ауыл көшелерін тазарту бойынша жұмыстарды атқарып жатыр.

СҚО бойынша ҚАЖД
М.Жұмабаев аудандық ПҚБ
аға инспекторы
әділет капитаны М.Исин

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...