Оқушыларды басқа мектепке ауыстыру енді eGov порталында қолжетімді

Енді оқушыларды басқа мектепке ауыстыру еGov порталында қолжетімді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады. Порталда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электрон түрде беруге мүмкіндік бар.

«Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ, жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады», — деп жазылған хабарламада.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • «Білім» бөліміндегі «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
  • Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • Нәтижемен жеке кабинетте танысу керек.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.