Оқушы мұғалімге құрметсіздік танытса, қандай жаза қарастырылған?  

Оқу-ағарту министрлігі BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына жауап беріп, педагогтердің құқықтары мен оларды қолдау шаралары заңмен нақты бекітілгенін түсіндірді. 

Педагогтің құқығы заңмен қорғалған

Министрліктің мәліметінше, педагогтердің құқықтарын қорғау тетіктері «Педагог мәртебесі туралы заңда» нақты бекітілген.

Заңға сәйкес педагогті өз міндетіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға, артық есеп талап етуге, заңсыз тексеріс жүргізуге және тауар не қызмет сатып алуға мәжбүрлеуге, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітуге болмайды. Бұл әрекеттер үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Оқушы мұғалімге құрметсіздік танытқан жағдайда оның ата-анасына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (409 б., 7-7 бөлігі), – делінген жауапта.

Ал егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанатын болса, ата-анаға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Министрлік «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылатынын, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз ететінін атап өтті. Осы Заңның 7-бабында педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары туралы номалар айқын көрсетілген. Сонымен қатар, осы Заңның 8, 9 және 12-баптарында педагогтердің материалдық қамтамасыз етілуге құқықтары, көтермелену құқықтары, сондай-ақ педагогтерге берілетін әлеуметтік кепілдіктерге қатысты нормалар нақты айқындалған.

Жас педагогке тәлімгер бекітіледі

Оқу-ағарту министрлігі «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп берілетінін хабарлады.

Осыған орай орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметін алғаш бастаған педагогтер қауымына тұрғылықты жеріне қарамастан (қала, ауыл деп бөлінбейді) сол ұйымның тәжірибелі педагогтері арасынан тәлімгер тағайындалады және сол педагогтің әрі қарайғы қызметіне бағыт-бағдар көрсетеді.

Тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленеді. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.