Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың киберқауіпсіздік жөніндегі білімін арттырып, оларды интернеттегі түрлі алаяқтық әрекеттерден сақтандыру. Шараға колледж ұжымы мен білім алушылар белсенді қатысып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Кездесуге полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Бекмырза Абдурахманов және Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері арнайы шақырылып, интернет алаяқтарының кең таралған түрлері, олардың әрекет ету тәсілдері мен одан сақтану жолдары туралы жан-жақты түсіндірме берді.

Сонымен қатар азаматтардың жеке деректерін қорғау, күмәнді сілтемелер мен бейтаныс адамдардан келген хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттілігі атап өтілді.

Студенттерге арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы интернет алаяқтарының әрекеті мен олардың салдары түсіндірілді. Қатысушылар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер алды.

Осындай ақпараттық іс-шаралар жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, киберкеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...