12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Оқ-дәріні заңсыз сақтау деректеріне қатысты қылмыстық істер бойынша сот тәжірибесінде туындайтын кейбір мәселелер

Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алу, алып жүру, сақтау немесе өткiзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауiпсiздiк дәрежесі өте жоғарғы екені белгілі. 

Себебі бұл қылмыстар қоғамға, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына орасан зор қауiп төндiруімен қатар, жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол ашуы мүмкін. 

Айталық, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды қылмыстық жолға пайдалану анағұрлым ауыр зардаптарға әкеп соқтырады. Сондықтан да, аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын жаза түрі мен мөлшері де басқа қылмыс түрлеріне қарағанда қатаңырақ болып келеді.

Дегенмен, осы қылмыс түрлері үшін жаза тағайындау барысында бірқатар мәселелер туындауда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша – ҚК) 287-бабының 3-бөлігі атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді. 

Аталған баптың санкциясына сәйкес сотпен кінәлі деп танылған адамның мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Алайда жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін көзделетін жаза түрлері мен мөлшері дифференцияланбаған. Атап айтқанда, ҚК-пен заңсыз айналымдағы атыс қаруларының, оқ-дәрілердің, қару-жарақтың немесе жарылғыш заттардың түріне, көлеміне, санына, яғни қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай тиісті әрі жеткілікті жаза мөлшері белгіленбейді.

Айталық, бір дана оқ-дәріні (патрон) заңсыз сақтаған, тасымалдаған адам мен заңсыз қару-жарақ арсеналын немесе жарылғыш затар қоймасын ұстаған адамның іс-әрекеттері бірдей ҚК-тің 287-бабының 3-бөлігімен қамтылады, сәйкесінше оларға тағайындалатын жаза түрлері де бірдей, яғни даранбаған.

Осыған орай, ҚК-тің 287-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс түрлері үшін қылмыс объектісінің түріне, көлеміне, санына, яғни қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес келетін жаза белгілеу қажет деп есептейміз.

Мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтар көбіне теміржол бекеттерінің рентген құрылғылары арқылы ашылады. Соңғы кездері Алматы метро бекеттерінің тексеру құрылғылары арқылы да ашылған қылмыстар саны көбеюде.

Мысалы, сотталушы А. оған тағылған айыпқа сәйкес 2024 жылғы тамыз айының ортасында Алматы қаласының көшелерінің бірінен бір дана ойық ұңғылы атыс қаруынан атуға арналған, атуға жарамды калибрі 5,45×39мм оқ-дәрі (патрон) тауып алып, оның оқ-дәріге жататынын және заңмен тыйым салынғанын біле тұра сөмкесіне салып алған. 2024 жылғы 23 қазанда «Ер-Намыс Сақшы» ЖШС-нің қызметкерлерімен Алматы-2 теміржол вокзалының рентген-телевизорлық құрылғысы арқылы А.-ның қол жүгін тексеру барысында оның сөмкесінен жоғарыда аталған оқ-дәрі табылған. Осылайша А. оқ-дәріні өзімен бірге заңсыз сақтаған және алып жүрген.

Басты сот талқылауында сотталушы А. кінәсін мойындап, келесідей айғақтар берді. Оқ-дәріні 2024 жылғы тамыз айының ортасында №156 орта мектептің маңынан тауып алған. Мектеп оқушылары алып ойнамасын деген ниетпен, оны өзінің қара түсті қол сөмкесіне салып қойған. Кейіннен күнделікті жұмыстармен ол жайлы мүлдем ұмытып кеткен. Үйіне барған соң қол сөмкесін шкафқа салып қойған. Сол күннен бастап 2024 жылғы 23 қазанда теміржол бекетіне алып барғанға дейін оқ-дәрі салынған сөмке шкафта тұрған. Оны қасақана заңсыз сақтауға, өзімен бірге алып жүруге, сондай-ақ Астана қаласына арнайы алып баруға ниеті мен мақсаты болмаған. Ол заттың көзге түсе бермейтін кішкене болуы себепті сөмкесінде жатқанын ұмытып кеткен. Оқ-дәрі теміржол бекетінің тексеру құрылғысы арқылы табылған кезде ғана ол жайлы есіне түскен. Оны қылмыстық мақсатта пайдалануға немесе сатуға ойы болмаған, өз атына тіркелген жеке қаруы жоқ.

Қазіргі қалыптасқан сот тәжірибесіне сәйкес мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен кінәлі деп танылған тұлғалар әр түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылуда. 

Алайда біздің пікірімізше сотталушының іс-әрекетінде формальды түрде ҚК-тің 287-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстың құрамы болғанымен, оның іс-әрекеті маңызы жағынан болмашы болып табылатыны және қоғамға қауiп төндірмейтіні ескерілмейді.

Шын мәнінде, 1 (бір) ғана дана, салмағы жеңіл — 10,3г, көлемі шағын — ұзындығы 56,6мм, диаметрі 9,2мм (сараптама қорытындысы бойынша) 5,45 калибрлі оқ-дәріні қасақана қылмыстық құқық бұзушылық ниетінсіз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру маңызы жағынан болмашы болғандықтан қоғамға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қандайда-бір қауіп төндiрмейді. Себебі оны сотталушының қылмыстық мақсатта пайдалану ниеті анықталмаған, арнайы атыс қаруынсыз (АК-47, РПК-74) қолдану мүмкін емес, ерекше (арнайы) жағдайларда сақтауды талап етпейді, яғни өздігінен атылып (жарылып) кету, сөйтіп айналадағы адамдарға зиян келтіру қаупі анықталмаған.

ҚК-тің 10-бабының 4-бөлігінің талабына сай, осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 35-бабының 1-бөлігі 12)-тармағына сай қылмыстық іс ҚК-тiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жатады. 

Жоғарыда аталғандардың негізінде, осындай санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сот тәжірибесі жан-жақты талқыланып, «Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1995 жылғы 21 шілдедегі №4 нормативтік қаулысына тиісті толықтырулар енгізілуі тиіс деп есептейміз. 

Алматы қаласы Жетісу ауданының 

№2 аудандық сотының судьясы                                                                          А.Иманқұлов 

Паутина лжи и правды

СУДЕБНЫЙ ПРОЦЕСС ПО ДЕЛУ ШЕРЗАТА ПОЛАТА ПРОХОДИТ С МАКСИМАЛЬНЫМ ВНИМАНИЕМ К ДЕТАЛЯМ. КАЖДЫЙ НОВЫЙ ДЕНЬ ПРИНОСИТ СВЕЖИЕ СВИДЕТЕЛЬСТВА, ВИДЕОМАТЕРИАЛЫ И ЭКСПЕРТНЫЕ ЗАКЛЮЧЕНИЯ. СВИДЕТЕЛЬСКИЕ ПОКАЗАНИЯ И ВИДЕОЗАПИСИ ОЧНЫХ СТАВОК ВЫЗЫВАЮТ ПРОТИВОРЕЧИВЫЕ ОЦЕНКИ - ОДНИ ПОДТВЕРЖДАЮТ ПРИЧАСТНОСТЬ КОНКРЕТНЫХ ЛИЦ К ВООРУЖЕННОЙ ДРАКЕ И НАНЕСЕНИЮ РАНЕНИЙ, ДРУГИЕ - ОПРОВЕРГАЮТ ОБВИНЕНИЯ, ЧТО СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ О СЛОЖНОЙ И ЗАПУТАННОЙ КАРТИНЕ СОБЫТИЙ.

В Астане состоялась презентация казахского издания книги Си Цзиньпина

В Астане в Назарбаев Университете состоялась презентация четырёхтомного издания...

56 бас жылқыны күтіп-ұстау: Меркі ауданы әкімдігі шығынды неге өтемейді?

2023 жылғы 1 қыркүйектегі цессия шартына сәйкес, «Луговой жылқы...

Мүлікті қасақана бүлдіргені үшін  5 тәулікке қамауға алынды  

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің...

Кассациялық сот құру уақыт талабы

Сот жүйесіндегі биылғы жылдың басты жаңалығы кассациялық соттардың құрылуы...