«Нұра» аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері Астана қаласындағы «Дағдарыс орталығына» орналастырып, қолдау көрсетті

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бірлесіп бірге күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы құрайды. Дегенмен, отбасының қадірін түсінбей жатқан жандар да аз емес. Отбасы арасындағы кикілжің, жанжалдасу, іріткі салу салдары отбасының бұзылуына әкеп соғары сөзсіз белгілі.

Міне, осындай жағдайға тап болған көпбалалы ана бала-шағасын асырап жеткізем деп, астана төріне кеп, жұмыс таппай опық жеп далада қалған жайы бар. Үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған көпбалалы сотталған әйел азаматын «Нұра» аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері Астана қаласындағы «Дағдарыс орталығына» орналастырып, қолдау көрсетті. Бұдан әрі сотталған азаматшаның тұрғылықты мекен -жайына жетуі үшін Нұра аудандық ПҚ бөлімінің инспекторымен пойызға отырғызып, аман-есен жетуін қадағалап, бақылауда ұстауда. Үнемі қарым-қатынас жасап, телефон байланысы арқылы сұқбат жүргізіліп отыр.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу – қоғам талабы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым...

Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлі аса маңызды

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тұғырын нығайту еліміздің әрбір...

Кафедра білікті кадрлар орталығы саналады

Алматы технологиялық университеті еліміздің білім беру кеңістігінде нық орны...