Nur Otan-ға одан ары төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге ораламыз — Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясына одан ары төрағалық етудің орындылығы туралы мәселе кейінірек талқыланатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Еліміз дамудың өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, мен Nur Otan партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды топтастыру жөніндегі жұмысқа кірісуге дайын екенінен туындады», — деді Тоқаев Nur Otan съезінде.

Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы ретінде ол ашық және әділ саяси бәсекелестіктің кепілі болады.

«Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету.

Бұл жағдайлар, әрине, Президенттің кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын білдіреді. Сондықтан, біраз уақыттан кейін, мүмкін жыл аяғына қарай, менің Nur Otan-ға одан ары төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз. Мемлекет басшысының теңдессіз мәртебесін саяси реформалардың ауқымды пакетінде түпкілікті бекіту қажет», — деп қосты Президент.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...