Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Жиынға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанда импортты алмастыру және электронды өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы аясында әлемдік нарықтағы жетекші компаниялардың бірі – Nuctech компаниясының тексеру-өткізу жабдықтарын ел аумағында өндіру мәселесі талқыланды.

Жоба Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті хаб ретіндегі позициясын нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.

Өндіріс қуаттарын іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Жоба аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заманауи жүйелер, оның ішінде Kylin Ti және XT2100 инновациялық тексеру кешендері, сондай-ақ жүк пен багажды тексеруге арналған екі проекциялық CX180180D және CX100100D рентген-телевизиялық қондырғыларын шығару көзделген.

Өндіріс орны Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында ашылады.

Сонымен қатар жоба аясында сервистік орталықтар желісі мен қосалқы бөлшектер қоймасын құру жоспарланған. Бұл ел аумағындағы жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мамандардың пікірінше, бұл жоба Қазақстандағы электронды өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық мамандардың біліктілігін арттыруға және шетелдік жеткізілімдерге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Отандық өндірістің іске қосылуы елді заманауи тексеру жабдықтарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, түзеу мекемелері, теміржол вокзалдары, әуежайлар, мемлекеттік мекемелер мен стратегиялық нысандардағы бақылау жүйелерін жаңғыртуға жол ашады. Сонымен қатар жабдықтарға Қазақстан аумағында толыққанды сервистік қызмет көрсету мүмкіндігі қалыптасады

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...