spot_img
spot_img

«НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР»

Елімізде қабылданған заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік саясаттың дұрыс бағытта жүзеге асырылуына, сонымен қатар мемлекеттің барлық салада саяси экономикалық және әлеуметтік дамуында, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беретін негізгі құралдардың бірі десек, қателеспейміз. Заңнамалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілердің ел игілігіне тиісті түрде қызмет етуі үшін халық арасында оның мән-мағынасының түсіндірілуі мен насихатталуы аса маңызды. Бұл орайда әділет органдары мен оның құрылымдық бөлімдерінің атқаратын жүгі аса ауыр әрі мол жауапкершілікті қажет ететіні даусыз. Қоғамның заңдар мен нормативтік және құқықтық актілерде қойылған талаптар мен міндеттерді білуі әрі сол қағидаларға сәйкес өмір сүруі үшін халықтың құқықтық сауаттылығының артуына қызмет ету де – әділет органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Жалпы, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қалай жүзеге асырылады, олардың толыққанды қызмет етуі қалай жүргізілетіні жайлы оқырман қауымды таныстыру әрі ақпараттандыру мақсатында Ақмола облысы Әділет департаментінің жетекші маманы Гауһар ОРАЗАЛИНОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.

– Азаматтық қоғамды қалыптастыруда Ата заңымыз – Конституциядан бастап басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен заңдарының мемлекеттік тіркеуден өткізілуі мен олардың ел ішінде түсіндірілуі әрі кеңінен насихатталуы маңызды. Бұл орайда аталған үлкен істі жүзеге асыруда әділет органдарының үлесіне тиген зор жауапкершілік бар. Жалпы, осы процестер қалай жүргізілетіні жайлы аз-кем тоқтала кетсеңіз.

– Иә, расында да, қоғам арасындағы қатынас пен азаматтық қоғамды дамытуда мақсатты құқықтық ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекетік саясатты жүзеге асыруда нормативтік-құқықтық актілерді шығармашылық тұрғыда дұрыс жүргізу – басты құралдардың бірі. Әділет органдарының негізгі функционалдық міндеттерінің бірі мемлекеттік басқарудағы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу болып табылады. Елімізде нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу институты осыдан 31 жыл бұрын, яғни 1993 жылы құрылған. Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуден өткізілуі олардың күшіне енуінің негізгі қажетті шарты болып табылады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген актілердің заңды күші де болмайды. Сондықтан, қай саладан болмасын, жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуден өткізілуінің қамтамасыз етілуі және оның халыққа хабардар етілуін ұйымдастыру жауапкершілігі жоғары жұмыс.

– Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің толыққанды жұмыс істеуі яғни күнделікті қолданысқа енгізілуін қамтамасыз етуде әділет органдары қалтқысыз қызмет етуге мүдделі екені рас. Бұл орайда аталған нормативтік-құқықтық актілердің еліміздің заңдарына сәйкес келуі қаншалықты қадағаланады?

– Иә, сұрағыңыз өте орынды. Әділет органдары жаңадан енгізілген барлық нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келуіне құқықтық сараптама жүргізеді. Өйткені кез келген нормативтік құжат пен актілер еліміздің негізгі заңнамаларына қарама-қайшы әрекет етпеуі немесе кереғар келетін тұстары болмауы тиіс. Бұл орайда негізгі мақсат жоғарыда аталған актілер мен құжаттардың Ата Заңымыз – Конституциямен қорғалған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалуына жол бермеу екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің де құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол берілмейді. Қолданысқа енгізілетін барлық нормативтік-құқықтық актілер толыққанды сараптамадан өткізіліп, елдің заңнамаларымен үйлесімде болғанда ғана мемлекеттік тіркеуден өткізілетін болады. Еліміздегі барлық құқықтық актілер Қазақстан заңнамаларына сәйкес келуі тиіс. Барлық саладағы нормативтік-құқықтық актілер 2016 жылдың 6 сәуірінде қабылданған «Құқықтық актілер туралы» заңы заңнамаға тәуелді актілердің қабылдау және әрекет етуінің барлық салаларын сонымен қатар нормативтік шығармашылық процестерін реттейді.

– Жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің іс жүзінде қолданысқа енгізіліп, жүзеге асырылуында әділет органдары қандай әрекет етеді? Жалпы, бұл құзыреттілік жергілікті Әділет департаменттеріне қашан берілген?

– Иә, бүгінгі таңда аймақтық әділет органдарында нормативтік-құқықтық актілерді тіркеумен қатар, жергілікті атқарушы билік пен басқа да мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмысты қажет ететін тағы бір жаңа міндет қосылған. Атап айтқанда, Үкіметтің 2022 жылдың 29 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» №1093 қаулысымен осыған дейін Әділет министрлігінің құзырында болған мемлекеттік басқарудағы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу функциясы ендігі кезекте аумақтық, яғни облыстық әділет органдарының құзыретіне берілді. Осыған байланысты өткен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай мемлекеттік басқарудағы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілері Әділет департаменттеріне жіберіліп келеді. Бұл құжаттар толықтай сараптамадан өткізіліп, қолданыстағы ел заңнамасымен сәйкес келу-келмеуі нақтыланып барып, мемлекеттік тіркеуден өткізіледі.

– Әрбір нормативтікқұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үлкен жауапкершілікпен қатар, ұзақ уақытты қажет ететіні сөзсіз. Жалпы, жыл басынан бері Ақмола облысының Әділет департаметінде қанша нормативтік құжаттар тіркеуден өтті?

– Жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу әділет департаменттерінің құзырына берілгелі біршама жұмыс атқарылғанын атап өткен жөн. Тек жыл басынан бері ғана Ақмола облысының Әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік органдардан жолданған 97 нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуден өткізілді.

– Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыруда әрі дамытуда қолданыстағы заңдар мен нормативтік құжаттардың орындалуына баса назар аударылады. Бұл орайда жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуден өтуінің қандай маңызы бар?

– Әрине, демократиялық әрі құқықтық мемлекетті қалыптастыруда оның заңдарының іс жүзінде орындалуы әрі оның халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс. Бұл орайда кез келген саладағы оның ішінде жергілікті мемлекеттік органдардан түскен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуден өткізілуі заңға тәуелді актілермен қатар еліміздің құқықтық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарады.

– Жалпы, қолданыста жүрген нормативтік-құқықтық актілердің іс жүзінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілген яки өткізілмегенін қалай анықтауға болады? Бұл мәлімет еліміздің азаматтарына қолжетімді ме?

– Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік-құқықтық актілермен еліміздің әрбір азаматының Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталонды бақылау банкі арқылы емін-еркін танысуына мүмкіндігі бар. Барлық деректер толықтай қолжетімді.

– Әңгімеңізге рақмет! Істеріңізге сәттілік тілейміз!

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

РЕМОНТ К ЮБИЛЕЮ

В школе-гимназии города Макинска Буландынского района Акмолинской области со...

МЕСТО, ГДЕ ВСЕГДА ИНТЕРЕСНО

В ясли-сад «Балдырған» города Макинска, что в Буландынском районе,...

ҚАЖ теолог мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Теологи УИС прошли курсы повышения

Теологи учреждений Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Алматы, Алматинской...

Ветераны акмолинского ДУИС встретились с сотрудниками Департамента

В ходе встречи ветераны УИС рассказывали о службе в...