Несие, баспана мәселесін шешіп, тергеу ісіне де ықпал етуді уәде еткен әйел тұтылды

Алматы полицейлері «құрығы ұзын — билігі күшті» әйелді қамауға алды. Бостандық аудандық полиция басқармасы оның бірқатар алаяқтық әрекеттер бойынша күдікке ілінгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бөлімшенің өндірісінде үш адамның арызы жатыр. Ол біреуге әлеуметтік тұрғын үй кезегін «жылжытуға», тағы біреуге банктен қайтарымсыз несие алып беруге уәде етсе, тағы бірін қылмыстық істі тергеу барысына ықпал ете алатынына сендірген.

Уақыт өте келе бұл адамдар алданғанына көз жеткізіп, ішкі істер органдарына арызбен жүгінді. Б деген азамат ұсталды. Тергеу кезеңінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілетін болады. Сонымен қатар, қазір басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, жүзеге асырылуда. Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Аухадиев

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер болса, онда мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 254-47-01; 254-47-02 және 8-702-160-06-34

Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

Әр түрлі жағдайларға байланысты алименттерді төлеу немесе өндіріп алу...

БАҒА ҰСЫНЫСЫ

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына«Заң» Медиа-корпорациясы»...

Неотъемлемая часть мировой цивилизации

В АЛМАТЫ СОСТОЯЛИСЬ МЕЖДУНАРОДНЫЕ НАУЧНЫЕ КРУГЛЫЕ СТОЛЫ, ПОСВЯЩЕННЫЕ НОВЫМ...

Апостиль қою тәртібі және eGov порталының мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі...