Нельсон Манделаның халықаралық күні №64 мекемеде мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді

18 шілдеде бүкіл әлем Нельсон Манделаның халықаралық күнін атап өтеді. Манделаның бейбітшілік пен бостандық тарихына қосқан елеулі үлесін еске алу мақсатында № 64 мекемеде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандар арасында іс-шара өткізілді.

Сотталғандар Н.Манделаның өмірбаянымен танысып, «Нельсон Мандела — бостандық үшін күрескер» атты деректі фильмді тамашалады, фильмнің сюжеті түрмеге қамаудың 27 жылын сипаттайды. Сотталғандар Н.Манделаның өмір жолы туралы дәрісін тыңдады. «Біздің қамқорлықтағыларға арналған өзіндік сабақ олардың әрбірінің әлі алда екенін және жасалған қателікке қарамастан, әрқашан өз өмірін өзгертуге мүмкіндік беретінін түсінуге мүмкіндік береді», — деп түсіндіріп өтті өткізілген іс-шараға мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Д.К.Ахметов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...