12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Неке – отбасы негізі

            Неке – бұл құқықтық қатынастар жүйесін білдіретін әлеуметтік институт. Қазақстан Республикасының заңнамасында неке – ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы ретінде танылады. Бұл одақ арнайы тіркеу арқылы заңды күшіне енеді және азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында (АХАЖ) тіркелгеннен кейін ғана құқықтық салдар тудырады.

            Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексі (2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV ҚРЗ) отбасы және неке қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі нормативтік актісі болып табылады. Бұл кодексте некенің мәні, тәртібі, некеге тұру мен оны бұзу шарттары, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ ата-аналық қатынастар реттеледі.

                Неке – тек моральдық немесе салт-дәстүрлік қатынас емес, ол – заңмен қорғалатын әлеуметтік құбылыс. Ол арқылы азаматтар мемлекет алдында бірқатар құқықтар мен міндеттерге ие болады. Неке институтының құқықтық негізін сақтау – отбасының, баланың, жалпы қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі.

                  Сондықтан әрбір азамат некеге тұру алдында өзінің құқықтық жауапкершілігін толық түсінуі тиіс. Бұл – болашақ ұрпақтың амандығы мен мемлекеттің дамуындағы маңызды қадам  екендігі  бәріне мәлім.

                Неке – ер мен әйелдің өзара келісімі мен сүйіспеншілігі негізінде заңды түрде бірлесіп өмір сүру мақсатында құрған одағы. Бұл одақтың басты мақсаты – сүйіспеншілік, сыйластық және бір-біріне деген қамқорлық арқылы мызғымас шаңырақ көтеру. Неке тек ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас емес, ол сонымен қатар қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік болып табылады..

                Бүгінгі таңда неке институтының маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Қазіргі заманда ажырасу жағдайларының көбеюі, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі – қоғам үшін үлкен мәселе. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жастарды отбасылық өмірге дайындау, жауапкершілікке тәрбиелеу қажет.

                 Неке – тек моральдық немесе салт-дәстүрлік қатынас емес, ол – заңмен қорғалатын әлеуметтік құбылыс. Ол арқылы азаматтар мемлекет алдында бірқатар құқықтар мен міндеттерге ие болады. Неке институтының құқықтық негізін сақтау – отбасының, баланың, жалпы қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі.

                Сондықтан әрбір азамат некеге тұру алдында өзінің құқықтық жауапкершілігін толық түсінуі тиіс. Бұл – болашақ ұрпақтың амандығы мен мемлекеттің дамуындағы маңызды қадам.Тек осындай жағдайда ғана қоғамымызда мықты, тату әрі тәрбиелі отбасылар көбейіп, еліміздің іргесі нық, болашағы жарқын болары сөзсіз.

                               Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері  

                                 жөніндегі мамандандырылған

                                 ауданаралық сотының бас маман,

           сот отырысының хатшысы-Г.Талғатқызы.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...