12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Неке бұзу саны көбеюде

Әрқашан да адамзат үшін ең басты құндылық ол әрине отбасы. Отбасын ешқандай байлық та, жетістіктер де алмастыра алмайтыны анық. Ал отбасының ең маңызды қызметінің бірі – балаға дұрыс тәрбие беру деп білемін. Өйткені отбасының, яғни ата-анасының балаға берген тәрбиені ешбір қоғамдық тәрбие алмастыра алмайтыны анық. Өйткені Ана мен Әкенің орны бөлек.

Өкінішке орай, қазіргі таңда елімізде ажырасу бойынша статистиканың көрсеткіші қанағаттандырлықтай емес десек болады, әсіресе ерлі-зайыптылардың ажырасуға деген бейімділігі байқалады, өйткені статистикаға сәйкес елімізде ресми түрде тіркелген әрбір үшінші неке бұзылады екен, яғни бұл деген неке бұзу саны күннен күнге көбеюде деген сөз.

Аталған проблеманы шешудің жолын табу мақсатында, яғни неке бұзу саны көбеюіне байланысты және оның санын азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен 2019 жылдан бастап барлық соттарда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы іске қосылып, қазіргі таңда ол бойынша жұмыстар жүргізіліп, сәтті түрде әлі де жүзеге асырылуда.

«Отбасылық соттың» неке бұзу статистикасына қандай қатысы бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның миссиясы неде?

«Отбасылық сот» пилоттық жобасының негізгі мақсаты – некені бұзуға бел буған тараптарды татуластыру, татуластыру арқылы неке бұзу санын азайту, ортақ балаларының толық отбасында өсуіне, тәрбиеленуіне мүмкіншілік беру, ал қажетті жағдайда отбасыға тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсету болып табылады. Өйткені сотқа неке бұзу бойынша жүгінген ерлі-зайыптылар, сондай-ақ балалары да моральды тұрғыдан зардап шегетіні сөзсіз. Сондықтан да, «Отбасылық сот» пилоттық жобасының аясында тараптарды татуластыру жұмыстарын тек судьялар ғана емес, сонымен қатар психологтар, медиаторлар, педагогтар да атқарады, жүргізеді.

«Махаббат – екі адамның бір-біріне қарауы емес, бір бағытқа қарауы» дегенсөз бекер айтылмаған болар. Өйткені, шаңырақ көтерген жастардың арасында қазіргі таңда әр-түрлі түсініспеушіліктер, факторлар көп туындайды. Соның салдарынан жастар арасында ажырасу фактілері орын алады. Мысалы, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2024 жылдың 8 айында неке бұзуға 1321 талап арыз түскен, оның 647 талап арызы қанағаттандырылған, яғни 647 ерлі-зайыптылардың некесі бұзылған деген сөз.

Жоғарыда неке бұзу бойынша келтірілген статистика, әрине, мәз емес. Әрине, ажырасқаннан кейін некелері бұзылған ерлі-зайыптылардың тек өздері ғана емес, сонымен қатар олардың балалары да моральды тұрғыдан зардап шегетіні анық.

Қорытындылай келе, алдағы уақытта қоғамымызда ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктер жойылып, дауласпай, әрдайым бір ортақ шешімге, консенсусқа келіп, бір-біріне түсіністікпен қарап, кешірімді болып, неке бұзатын жағдайға жеткізбесе олардың балаларының да балалық шағы бақытты болар еді, яғни балалары толық отбасыда өсіп, тәрбиеленер еді. Өз басым осыны қалаймын, өйткені әр бала отбасыда бақытты болуға құқылы.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Дәурен Әментаев

Объединяющий фактор народа

В последнее время у нас часто возникают споры о...

Нужна ли Казахстану АЭС?

Одна из самых обсуждаемых тем в стране, и Акмолинский...

Стабильная энергия – приоритет Правительства

В рамках рабочего визита в Мангистаускую область Премьер Министр...

К референдуму готовы

Как сообщил председатель территориальной избирательной комиссии г. Уральска Мухтар...

«Үміт жолдары. Еркіндік Одиссеясы» көрмесі өтті

күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Польша Республикасының Бас...