12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Неке бұзудың қоғамға зияны

Отбасы – қоғамның іргетасы, ұлттың ұйытқысы. Мықты мемлекет – берік отбасылардан құралады. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы тікелей отбасылық қатынастардың беріктігіне байланысты. Ал соңғы жылдары неке бұзу жағдайларының көбеюі қоғамда теріс әлеуметтік, экономикалық және мәдени салдарға алып келіп отыр. Бұл мәселе тек жеке отбасы мүшелерін ғана емес, жалпы қоғамды алаңдатуы тиіс.

 Ажырасу – ең алдымен балаларға ауыр соққы. Психологиялық күйзеліске, өзіне сенімсіздікке, агрессияға, оқу үлгерімінің нашарлауына алып келеді. Ажырасқан отбасы – әлеуметтік қолдауды көп қажет ететін топқа айналады. Жетім немесе толық емес отбасында өскен балалардың арасында қылмысқа бейімдік, құқық бұзушылық немесе есірткіге тәуелділік жиірек кездеседі. Некенің бұзылуы көбіне әйелдер мен балалардың материалдық жағдайын нашарлатады. Алимент төлемеушілік мәселесі қоғамда кең таралған, бұл – жалғызбасты аналардың кедейлік шегінде өмір сүруіне себеп болады. Мұндай отбасылар мемлекеттің әлеуметтік көмегіне тәуелді болады.

Ажырасулардың жиілеуі отбасылық жауапкершілік пен дәстүрлі құндылықтарға кері әсер етеді. Жастар некені уақытша, жауапкершілігі аз байланыс деп қабылдай бастайды. Бұл – азаматтық неке мен ажырасудың көбеюіне әкеледі. Отбасы институтының әлсіреуіне, жауапкершілік сезімінің төмендеуіне әкеледі.

Неке бұзу – тек жеке трагедия емес, ол қоғамның тұрақтылығына, ұрпақтың тәрбиесіне, ұлттық құндылықтарға тікелей ықпал ететін маңызды мәселе.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істер

 жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы-сот отырысының хатшысы

Байжанова А.А.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...