12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Неке ұғымын Конституцияда бекіту ұсынысын қолдаймын – Зәкиева

Конституциялық комиссияның отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалық шақты қорғау, отбасы институты мен тәрбие мәселелері бойынша пікір білдіріп, конституциялық нормалардың балалардың нақты өмірі үшін практикалық маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бала құқықтарын қорғау саласында еңбек етіп жүрген құқық қорғаушылар мен мамандардың күнделікті жұмысында Конституция ережелері негізгі бағдар болып қала береді және олар нақты шешімдер мен мемлекеттік қолдау шараларында көрініс табады.

Тек былтырдың өзінде мемлекет тәуекелдерді дер кезінде анықтап, баланың құқықтық қорғалуын қамтамасыз еткен 51 мыңнан астам жағдай тіркелді. Балалық шақты қорғау кешенді сипатқа ие және тек қауіп-қатерге жауап берумен шектелмей, балалардың әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім алу, қауіпсіздік және отбасында өмір сүру құқықтарын жүйелі түрде қамтамасыз етуді қамтиды, – деді Динара Закиева.

Ол отбасының рөліне ерекше тоқталып, некенің ұғымын Конституцияда бекіту жөніндегі ұсынысты қолдайтынын айтты.

Отбасы мен ата-аналардың жауапты қамқорлығы – әрбір баланың әл-ауқатының негізі. Некені міндетті түрде мемлекеттік тіркеу балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Некенің заңда белгіленген тәртіппен тіркелетін ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екені туралы норманы қолдаймын, – деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ уәкіл Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан балалық шақты қорғау саласындағы реформаларды, оның ішінде отбасы институтын нығайту мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын дамытуға бағытталған “Қазақстан балалары” тұжырымдамасының бекітілгенін еске салды.

Бұдан бөлек, Динара Зәкиева білім беру жүйесінің зайырлы сипатына қатысты нормаға жеке тоқталды.

Білім беру жүйесінің зайырлы болуы балалардың білім алуға және жан-жақты дамуға деген құқықтарын толық іске асыруына мүмкіндік береді, – деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сонымен қатар, ол Конституция жобасындағы ұрпақтардың өзара жауапкершілігі туралы ережені де қолдады. Аталған нормаға сәйкес, еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық көрсетуге міндетті.

Бұл норма тек құқықтық емес, терең тәрбиелік әрі адамгершілік мәнге ие. Мұндай қағидалар отбасылық ынтымақ, құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады және ол бала кезден бойға сіңіріледі, – деп түйіндеді Динара Зәкиева.

Жыр алыбы — Жамбыл Жабаев!

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмелетке...

Кассациялық сот құрудың маңызы

Елімізде сот жүйесін жаңғырту бағытында жүйелі реформалар жүзеге асырылуда....

Ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль дегеніміз – бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның...

Атқарушылық өндіріс сатысында болатын бітімгершілік

Республикамыздың Медиация туралы заңы дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге,...

Заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған телемост өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы...