12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өнегелі отбасы

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/12 мекемесінде фармацевт – провизор қызметін атқаратын – ақ халатты абзал жан – Күлғайша Нұрбаева еңбектің адамы.Өз қызметін мақтан етіп, жастарға үйретуден жалықпайтын жан осы салада 1993 жылдан жұмыс істеп, медицина бөлімін басқарған. Көптің алғысын алған, еңбекқор жан. Ұзақ жылғы еңбегі департамент басшылығы тарапынан орынды бағаланып Алғыс хаттармен және мерекелік медальдармен марапатталған. 2012 жылы подполковник шенінде құрметті демалысқа шығып, қазіргі танда да еркін жалдамалы еңбек етуде.

Отбасының ірге тасы махаббат, мейірім, адалдық сияқты ізгі қасиеттермен қаланған жанұясының босағасы — берік. Отағасы Құмарбек Райбаев 1982 жылдан қылмыстық атқару саласында адал қызмет етіп майор шенінде 2008 жылы құрметті демалысқа шықты. Ішкі істер органының Алғыс хаттары мен граматаларымен, Ішкі істер үздігі және 10- 15 жылдық медальдарымен марапаталған. Үлкен ұлы Дәулет әке жолын қуып ішкі істер саласында — Қарағанды полиция академиясында қызмет атқарады. Кіші ұлы Әділет ана жолын қуып Қарағанды қаласының медициналық академиясының 4 курс студенті. Қазіргі танда, екі зейнеткер Даниял мен Жантөре деген немерелерінің сүйікті атасы мен әжесі болып отыр!

Күлғайша Нұрбаева өмір жолын тебірене есіне түсіріп, өзін бақытты жан санайтындығын айтады. Зерделей білсек бұл да ішкі істер органы қызметкерлерінің бір жемісі. Полицейлердің қызметте ғана емес отбасында да темірдей тәртіп орнатып, ұрпағын өнеегелі өмірге сала білгені болып табылады.Сирек болса да ерлі-зайыпты полицейлердің балалары да полиция қызметіне бет бұруы, ең бастысы нық орын алуға талпынуы қуантады.

Рысжан Аубакирова,

Алматы облыстық ҚАЖД ЛА-155/12 мекемесі.

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...