Үндістанда әйел президент болып сайланды

Драупади Мурму Үндістандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, елде осындай жоғары лауазымды иеленген екінші әйел атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Indian Express басылымына сілтеме жасап.

Басылым сайлау комитеті мәліметтеріне сілтеме жасап, елдегі президенттік сайлауда «Бхаратия Жаната парти» билеуші партиясы басшылық ететін ұлттық демократиялық альянстың кандидаты жеңіске жеткенін хабарлады.

Мурму — Үндістан президенттігіне сайланып отырған екінші әйел. Елді басқарған алғашқы әйел Пратибха Патил (2007-2012 жылдары) болды. Сондай-ақ, Мурму «азат елде», яғни ұлыбританиялықтардан тәуелсіз болғаннан кейін дүниеге келген Үндістанның тұңғыш президенті болмақ. Ол 1958 жылы дүниеге келген. Джаркханд штатының экс-губернаторы.

Драупади Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді. Мемлекеттің іс басындағы басшысы Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі 24 шілдеде аяқталады.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...