Назарбаев құрметті сенатор мәртебесінен айырылды

Қазақстанда құрметті сенатор атағы ешкімге берілмейді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Осыдан екі-үш апта бұрын Сенат регламентіне тиіс өзгерістер енгізілді. Біз регламенттен құрметті сенатор атағын алып тастадық. Бізде қазір ондай институт жоқ. Бұл шешімді қабылдауымыздың себебі, біздің барлық халық референдумда дауыс берді. Тұңғыш Президент туралы жарлық Конституциядан алынып тасталды. Бұл — халықтың шешімі», — деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, Әшімбаев бұған дейін құрметті сенатор атағы бір адамға ғана берілгенін айтты.

«Құрметті сенатор атағы енді заңда жоқ. Бірден айта кетейін, Сенат регламентіне өзгерістер енгізілген. Біз бұл норманы қайта қарап, өзгерткенде «Құрметті сенатор» атағын алып тастадық. Бұған дейін ол тек бір адамға берілген еді. Қазір бұл атақ ешкімге берілмейді. Өйткені қазір бұған бізде заңды негіз жоқ», — деп түсіндірді ол.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...